User manual

Пештің есігі ашық тұрған кезде оған ешбір салмақ салмаңыз.
Ыстық күйде тұрған пештің ішіне суды тура кұймаңыз. Бұл пеш
эмалін бүлдіріп не өңін кетіруі мүмкін.
Ұқыппен қолданбау, әсіресе пештің алдыңғы панелінің жиегін
дұрыс ұстамау шынының сынып кетуіне алып келуі мүмкін.
Пеш ішінде ешқандай тұтанғыш затты сақтамаңыз. Бұл пешті
қосқан кезде тұтануы мүмкін.
Пештің ішіне ешқандай ылғал бөліп шығаратын тамақты салып
сақтамаңыз. Бұл пеш эмалін бүлдіруі мүмкін.
Желдеткішті өшіргеннен кейін беті жабылмаған тамақты пеш
ішінде қалдырмаңыз. Пештің іші не оның шыны есігі буланып,
сонымен қатар пеш жабдықтары да ылғалдануы мүмкін.
Пеш эмаліне қатысты ақпарат
Пайдалану нәтижесінде пештің эмаль қабатының түсінің өзгеруі,
оның қалыпты және дұрыс пайдалануға шек қоймайды. Сондықтан
да бұл кепілдік шарты бойынша түзетілуге тиіс ақаулықты
тудырмайды.
Қауіпсіздікке қатысты ақпарат
9