User manual

Пеш жұмыс істеп тұрған кезде кішкене балаларды қараусыз
қалдырмаңыз.
Пеш бала қауіпсіздігінің құралымен жабдықталған.
Пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шарасы
Бұл құрылғыны тұрмыстағы тағам пісіру мен қуыру үшін қолдану
керек.
Бұл құрылғының жанында орналасқан розеткаларға электр
құрылғыларын қосу барысында сақ болыңыз. Электр сымдары
пештің қызып тұрған есігінің астында қалып қоймауға тиіс.
Ескерту: Күйіп қалу қаупі бар! Пайдаланылып тұрған пештің іші
ысып тұрады.
Егер пештің ішінде аздап алкоголь қосылған тағам қоспаларын
қолдансаңыз, нәтижесінде аздап тұтанғыш келетін алкоголь мен
ауа қоспасы пайда болуы мүмкін. Бұндай жағдайда есікті ашар
кезде сақ болыңыз. Ашу барысында ешбір жылу, от ұшқыны не
ашық жалын тәрізді қауіп көздерімен жұмыс істемеу керек.
Бұл құрылғыны физиологиялық, сезімдік не болмаса ақыл-ой
кемістігіне ұшыраған адамдар, балалар не пеш жұмысына
қатысты тәжрибиесі мен білімі нашар адамдар, оны қолдану
туралы ерекше нұсқауларды алмайынша не олардың
қауіпсіздігіне ие адамның қадағалауынсыз қолдануына
болмайды.
Акриламидке қатысты ескерім
Соңғы ғылыми білімге сүйенсек, әсіресе құрамында крахмал заты
бар тағамдарды аса қатты күреңдетіп пісіру акриламид
нәтижесінде орын алатын денсаулық қатерін тудырады. Сол
себепті тағамды мүмкіндігінше төменгі температурада пісіріп әрі
аса қатты күреңдетіп пісірмеуді ұсынамыз.
Микротолқын
Құрылғыны тек ішінде тағам болған жағдайда ғана қосыңыз.
Тағам салынбаған құрылғыны қосқанда асқын кернеу орын
алады.
6 Қауіпсіздік туралы ескерімдер