User manual

•Тек микротолқынға төзімді ыдыс-аяқты ғана пайдаланыңыз
(Пайдалану, кестелер және ақыл-кеңес: Жарамды ыдыс-аяқ пен
керек-жарақ тарауын оқыңыз)
Түзілген будың (конденсат)әсерінен құрылғының ішкі жағы мен
есігін тот басудан сақтау үшін оны әр пайдаланған сайын құрғақ
шүберекпен жақсылап құрғатыңыз.
Бір рет пайдаланылатын пластик, қағаз не басқа тұтанғыш
заттан жасалған сауыттарда тағамды жылытып не пісірген кезде
құрылғыны назардан тыс қалдыруға болмайды.
Егер түтіндегені байқалса, құрылғының есігін жабық күйде
ұстаңыз. Құрылғыны өшіріңіз де электр желісінен ажыратыңыз.
Дұрыс істемей тұрған құрылығыны ешбір жағдайда пайдалануға
болмайды.
Сұйық заттарды қыздырған
кезде кофе қасығын не шыны
араластырғышты әрқашан аса
қызып кетудің алдын алу үшін
сауытқа салыңыз. Шамадан тыс
ысып кету дегеніміз,
әдеттегідей көпіршімей-ақ
қайнау температурасына жету
дегенді білдіреді.
Егер сауытты сәл шайқап қалса, сұйық кенет қайнап не тасып
кетуі мүмкін. Күйіп қалу қаупі бар!
"Қабығы" не "қыртысы" бар
картоп, қызанақ, шұжық тәрізді
тағамдар жарылып кетпес үшін
оларды пісіруден бұрын
шанышқымен бірнеше рет тесу
керек.
min 70 C
70
0
Қауіпсіздік туралы ескерімдер 7