User manual
• Тағамды пісіріп/ысытқан кезде
ең аз 70°C температура
деңгейіне жетуді қадағалаңыз.
Бұл үшін кестеде берілген қуат
пен уақытқа қатысты ақпаратқа
сүйеніңіз. Тағам
температурасын ешқашан
сынап не басқа сұйық зат
толтырылған термометр арқылы тексеруге болмайды.
• Микротолқын арқылы тағам қыздыру үшін пайдаланылған ыдыс-
аяқ ысып кетуі мүмкін. Пешке арналған қолғап не сол сияқты
затты пайдаланыңыз.
• Тағамды қуаттың ең жоғарғы деңгейін пайдаланып не тым ұзақ
пісіру арқылы шамадан тыс көп пісірмеңіз. Тағам кебірсіп,
өртеніп не оның кейбір жерлері басылап қалуы мүмкін.
• Құрылғы қосылып тұрған кезде пештің іші мен гриль
функциясының қыздыру бөлшектері мен керек-жарақтары қызып
тұрады. Оларды ұстаған кезде абайлаңыз әрі пешке арналған
қолғапты не осындай кезде қолданылатын сол сияқты затты
пайдаланыңыз. Күйіп қалу қаупі бар!
• Металл заттарды пештің ішкі қабырғасы мен есігінен кем дегенде
2 см алыс орналастыру қажет. Әйтпесе ұшқын шығып оның
жарқылынан құрылғы бүлініп қалуы мүмкін.
• Егер басқаша ұсынылмаса, алюминий қаңылтырды
пайдаланбаңыз.
• Есік пен есік жақтауының арасына ешнәрсенің қыстырылып
қалмағанын тексеріңіз.
• Пеш есігінің тығыздағышын, есік тығыздағышының бетін әрі
пештің ішін әрқашан таза ұстаңыз. Құрылғының таза болмауы
қатерлі жағдайларға әкеліп соқтыруы мүмкін.
• Пеш ішінде ешқандай тұтанғыш затты сақтамаңыз. Бұл пешті
қосқан кезде тұтануы мүмкін.
8 Қауіпсіздік туралы ескерімдер










