User manual
Бағдарлама үрдісінің бейнебеті
8 түймешігін басқан соң бейнебетте жуу бағдарламасының 7.9 орындалып
тұрған кезеңі пайда болады.. Бейнебеттен сондай-ақ таңдалған мата түрі
туралы ақпаратты, орындалып тұрған жəне қалған кезеңдерді көрсететін
жолақты, жуу бағдарламасының ұзақтығы мен цикл соңын көруге болады.
Кешіктіріп бастау
Егер 9 түймешігін таңдасаңыз, бейнебетте тиісті символ 7.5 пайда болады.
8 түймешігін басқан соң бейнебеттің оң жағында таңдалған кешіктіріп бастау
уақытының шамасы (макс. 20 сағат) тиісті белгімен қатар көрсетіледі.
Əрбір минут өткен сайын кешіктіріп бастау уақыты азая түседі.
Функцияның теріс таңдалуы
Орнатылған жуу бағдарламасына сай келмейтін функция таңдалса бейнебетте
«Таңдауға болмайды» жазуы бірнеше секунд бойы көрсетіліп тұрады.
Ескерту кодтары
Құрылғы жұмысына қатысты ақаулықтар орын алса мысалы, «Су толмай тұр.
Кранның ашық тұрғандығына көз жеткізіңіз, содан соң БАСУ түймешігін
басыңыз» тəрізді ескертулер пайда болады. («Төмендегі жағдайларда не
істеу керек...» тарауын қараңыз).
Бағдарлама соңы
Бағдарлама аяқталған кезде бейнебетте жазу пайда болады. 8 түймешігінің
сигнал шамы өшеді.
Бағдарлама аяқталған соң кірді 10 минут ішінде алып үлгермесеңіз,
бейнебеттің фондық жарығы өшеді де, қуатты үнемдейтін жүйе іске қосылады.
Тек
8 түймешігінің сигнал шамы ғана жыпылықтап, құрылғыны өшіру қажет
екендігін көрсетіп тұрады.
Кез келген түймешікті басу арқылы құрылғыдағы қуатты үнемдейтін жүйенің
жұмысын тоқтатып, басқа бір бағдарламаны орнатып не құрылғыны өшіріп
қоюыңызға болады.
12
Бейнебет
132XXXXXX_KK:132XXXXXX_PIC.qxd 25/09/2008 14.46 Pagina 12










