User manual
13
Пайдалану
Алғаш рет пайдалану
Машинаның электр желісі мен су жүйесіне “орнату туралы нұсқауларға” сай
қосылғандығын тексеріңіз.
Барабан ішінен полистирол блогы жəне басқа да материалдардың барлығын
алыңыз.
Содан соң мақта мата циклін 90°C не 95°C температураға қойып, барабан мен
машинаны өндіру барысында қалған қалдықтардан тазалау үшін машинаны
ішіне еш кір салмастан қосыңыз. Үлестіргіш қорапшаға 1/2 мөлшердегі жуғыш
заттан салыңыз да, машинаны қосыңыз.
Тілді орнату
Құрылғыны ең алғаш рет қосқан кезде бағдарламаны таңдағыш түймешені 1
қалпына қою арқылы қажетті тілді орнатуға тиіссіз. Құрылғыны қайта іске қосқан
кезде хабарлардың барлығы да осы тілде көрсетіледі.
Маңызды!
Бейнебетте тілді орнатуға қатысты ешбір хабар пайда болмаса, бұл
құрылғының бұған дейін бір рет қосылғандығын білдіреді. Бұндай жағдайда,
тілді өзгерткіңіз келсе тіл мəзірін
2 жəне 3 түймешігін 6 секундтай қатар басу
арқылы шақыруыңызға болады.
4 түймешігін басу арқылы мəзірде бар тілдердің барлығын айналдырып
көруіңізге болады.
5 түймешігін екі рет басу арқылы таңдаған тілді құптауыңызға болады.
Уақытты орнату
Қажетті тілді таңдап болған соң, кірді ең алғаш рет жумай тұрып уақытты
орнатып алуыңыз қажет. Уақытты “жазғы уақыт” не “күндізгі уақытқа” сай
орнатуды ұмытпаңыз.
САҒАТ параметрі ағымдық уақытты өзгерту/орнатуға мүмкіндік береді. Сағатты
əрқашан дұрыстап қойып отыру қажет, себебі ЦИКЛ СОҢЫН көрсететін уақыт
осыған байланысты.
Уақытты орнату үшін
4 түймешігін қайта-қайта басып ПАРАМЕТРЛЕР мəзірін
таңдап алыңыз да,
5 түймешігін басу арқылы таңдалған параметрді құптаңыз.
4 түймешігін бір рет тез басу арқылы сағатты дұрыстап қоюға болады.
5 түймешігін басып құптаңыз. Минутты орнату үшін алдыңғы əрекетті
қайталаңыз.
Маңызды!
Құрылғы осыған дейін бір рет іске қосылса, «Жеке талапқа сай бейімдеу»
тарауын қараңыз.
132XXXXXX_KK:132XXXXXX_PIC.qxd 25/09/2008 14.46 Pagina 13










