User manual

14
Пайдалану
Жеке талапқа сай бейімдеу
Құрылғыда зауытта орнатылған параметрлерді өз қалауыңызға сай өзгертуге
көмектесетін ПАРАМЕТРЛЕР мəзірі бар.
Машинаны іске қосқан соң бағдарламаны таңдағыш түймешені бұрап,
4
түймешігін басыңыз да ПАРАМЕТРЛЕР мəзірін белсенді күйге көшіріңіз. Осы
түймешікті қайта басу арқылы ПАРАМЕТРЛЕР мəзіріне жеткенше барлық
функцияларды айналдырып көруіңізге болады. Мəзірге кіру үшін
5 түймешігін
басыңыз. Параметрлердің барлығын айналдырып көру үшін
4 түймешігін қайта
басыңыз, таңдалған параметрді
5 түймешігін басып құптаңыз.
Бейнебет жарықтығын баптау
ЖАРҚЫНДЫҚ параметрі бейнебеттің фондық жарығын баптауға мүмкіндік
береді.
4 түймешігін басу арқылы жарқындықты күшейтіп не азайтуыңызға болады.
0-ден 9-ға дейінгі деңгейлердің ішінен бірін таңдап алуыңызға болады
(0 = мин. - 9 = макс.).
5 түймешігін басып таңдалған деңгейді құптауыңызға болады.
Бейнебет контрастын баптау
КОНТРАСТ параметрі бейнебеттің оптикалық сипатын реттеуге мүмкіндік
береді.
4 түймешігін басу арқылы контрастты күшейтіп не азайтуыңызға болады.
0-ден 9-ға дейінгі деңгейлердің ішінен бірін таңдап алуыңызға болады
(0 = мин. - 9 = макс.).
5 түймешігін басып таңдалған деңгейді құптауыңызға болады.
Дыбысты сигналды орнату
Машина төмендегі жағдайларда дыбысты сигнал беретін құралмен
жабдықталған:
бағдарламаның соңында
құрылғы жұмысына қатысты ақаулықтар орын алғанда
Дыбысты сигнал құралын іске қосқыңыз келсе,
4 түймешігін БАСЫП,
ДЫБЫСТЫ СИГНАЛДАР мəзірін таңдаңыз.
5 түймешігін басып таңдалған
параметрді құптауыңызға болады. Тиісті белгішенің айналасындағы шығырық
жыпылықтай бастайды да, баптауды жүзеге асыра беруге болатындығын
көрсетеді.
Дыбысты сигналды қосу не өшіріп қою үшін
4 түймешігін қайта басыңыз.
Содан соң
5 түймешігін басып таңдалған параметрді құптаңыз.
132XXXXXX_KK:132XXXXXX_PIC.qxd 25/09/2008 14.46 Pagina 14