User manual
15
Пайдалану 
Негізгі мəзірге қайту 
Бұл функция параметрлер мəзіріне қайта өтуге мүмкіндік береді.
АРТҚА параметрін 
4 түймешігін басып таңдап алыңыз.
5 түймешігін басып таңдалған параметрді құптаңыз.
Күнделікті пайдалану
Бұл құрылғы барабанға салынған кірдің салмағын өлшеуге арналған салмақ
сенсорымен жабдықталған. Құрылғыны іске қоспай тұрып барабанның бос
тұрғандығын тексеріп алыңыз. Барабанның бос не бос еместігін тексеріп
алмасаңыз, салмақ сенсоры кірдің мөлшерін дұрыс анықтай алмайды. «Салмақ
сенсоры» тарауын қараңыз.
Есікті ашу 
Есікті тұтқасынан ұстап еппен сыртқа қарай тартып ашыңыз.
Қажетті бағдарламаны бағдарлама таңдағыш түймеше
арқылы таңдаңыз (1)
Жуу бағдарламалары кестесіндегі сипаттамаларға сүйене отырып, кез келген
мата түріне арналған дұрыс бағдарламаны таңдап алуыңызға болады(«Жуу
бағдарламалары» тарауын қараңыз).
Бағдарламаны таңдайтын түймешені қажетті бағдарламаға дейін бұраңыз.
Бағдарламаны таңдағыш түймеше кірдің түріне қарай жуу циклінің
түрі(мысалы, судың деңгейі, барабанның қозғалуы, шаю кезеңдерінің саны) мен
жуу температурасын таңдайды.
8 түймешігінің сигнал шамы жыпылықтай бастайды да, бейнебетте таңдалған
бағдарламаның атауы мен ұзақтығы пайда болады.
Таңдағыш түймешені сағат бағыты бойынша не сағат бағытына қарсы бұрауға
болады. 
O қалпы машинаны өшіру (OFF) үшін таңдалады.
Бағдарлама аяқталған соң, бағдарлама таңдағыш түймешені машинаны
өшіру үшін 
O-ге қою керек.
Назар аударыңыз !
Машина жұмыс жасап тұрған кезде бағдарламаны таңдайтын түймешені басқа
бағдарламаға əкеліп қойсаңыз, бейнебетте «Бағдарламаны таңдайтын
түймешені соңғы орнына қойыңыз» деген хабар пайда болады. 
Орындалып тұрған бағдарламаны өзгерту үшін «Параметрді не орындалып
тұрған бағдарламаны өзгерту» тарауын қараңыз. 
132XXXXXX_KK:132XXXXXX_PIC.qxd 25/09/2008 14.46 Pagina 15










