User manual

16
Салмақ сенсоры
Құрылғыны қосқаннан кейін бірнеше секунд өткен соң егер есік ашық тұрса
бейнебетте төмендегі белгішелер пайда болады:
- «САЛМАҚ СЕНСОРЫ» жазуы;
- 0.0 КГ-нан бастап таңдалған жуу бағдарламасына арналған кірдің максимум
салмағы. 0.5 КГ-нан аз салмақ көрсетілмейді;
- 0.5 КГ шамасы бойынша өзгеріп отыратын, жыпылықтап тұрған жолақ.
Машинаға кір тым көп салынып кетсе бейнебетте «Кірдің салмағы шамадан тыс
көп» жазуы пайда болады. Бұндай жағдайда кірдің салмағын қажетінше
азайтыңыз.
Бейнебетте жуу бағдарламасы туралы ақпарат қайта пайда болу үшін кез
келген түймешікті басыңыз не есікті жабыңыз.
Бағдарламаны орнату барысында параметрлер бірнеше секунд бойы іске
қосылмай тұрса, есік ашық тұрған жағдайда бейнебетте САЛМАҚ СЕНСОРЫ
пайда болады.
САЛМАҚ СЕНСОРЫ бейнебеті есік жабылып, жуу бағдарламасын бастау үшін
8 түймешігін басқаннан кейін көрсетілмейді.
Кірді салу
1. Кірді барабанға бір-бірлеп, барынша сілки
отырып салыңыз.
2. Есікті нығыздап жабыңыз. Жапқан кезде сырт
еткен дыбыс естілуге тиіс
Назар аударыңыз ! Кірді есік пен
тығыздағыштың арасына кіргізіп салмаңыз.
Жуғыш зат пен мата жұмсартқышты өлшеп АЛУ
Жаңа құрылғыңыз су, қуат пен жуғыш заттың мөлшерін азайту үшін жасалған.
1. Үлестіргіш қорапшасын сыртқа қарай тоқтағанынша тартып шығарыңыз.
Жуғыш затты қажетті мөлшерде өлшеп
алыңыз да, оны негізгі жуу цикліне
арналған қорапшаға
салыңыз, егер
алдын ала жуу циклін орындағыңыз
келсе жуғыш затты
белгішесі бар
қорапшаға салыңыз.
Жуғыш ұнтақ
концентратын не сұйық жуғыш заттарды
пайдаланып отырсаңыз, алдын ала жуу
циклі жоқ бағдарламаны таңдауыңыз
қажет.
Пайдалану
132XXXXXX_KK:132XXXXXX_PIC.qxd 25/09/2008 14.46 Pagina 16