User manual
17
Пайдалану
Дақ функциясын орындағыңыз келсе
дақ кетіргішті
белгішесі бар
қорапшаға салыңыз.
2. Мата жұмсартқышты пайдалану қажет
болса, оны белгішесі бар қорапшаға
салыңыз(мөлшерін қорапшадағы МАКС
таңбаламасынан асырмаңыз).
Қорапшаны еппен жабыңыз.
Температураны ТАҢДАУ
(2 түймешігі)
Егер кірді кір жуғыш машина ұсынған температурадан басқа температурада
жуғыңыз келсе, осы түймешікті қайта-қайта басып температураны
жоғарлатыңыз не төмендетіңіз.
Жуу бағдарламаларының əрбіріне арналған максимум температураны келесі
тараудан көріңіз: «Жуу бағдарламалары».
Суық сумен жуу белгішесі белгішесіне сай келеді.
Айналдыру жылдамдығын, ТҮНГІ ЦИКЛ не ШАЮДЫ КІДІРТУ
параметрін таңдаңыз (3 түймешігі)
Қажетті бағдарлама таңдалған соң, құрылғы автоматты түрде осы
бағдарламаға арналған максимум айналдыру жылдамдығын ұсынады.
Кірді кір жуғыш машина ұсынған жылдамдықтан басқа жылдамдықта жуғыңыз
келсе, осы түймешікті қайта-қайта басып машинаның айналдыру жылдамдығын
өзгертіңіз.
ШАЮДЫ КІДІРТУ: бұл параметрді таңдағанда, киімдер бырысып қалмас үшін
соңғы шаюдан қалған су түбіне дейін сарқылмайды.
ТҮНГІ ЦИКЛ: бұл параметрді таңдаған кезде, машина соңғы шаю циклінің суын
жуылған кір бырысып қалмас үшін сарқымайды. Айналдыру циклдерінің бір де
біреуі орындалмайтындықтан, бұл жуу циклі ешбір шуылсыз орындалады,
сондықтан да оны, түнде не электр қуатын неғұрлым үнемдеу қажеттігі туған
кездерде таңдауға болады
. Кейбір бағдарламалардың шаю циклдеріне көбірек
су қосылады.
Суды сарқу үшін «Бағдарламаның соңы» тарауын қараңыз.
Параметрлер мен жуу бағдарламаларының бір-біріне сай келетін-келмейтіндігін
білу үшін «Жуу бағдарламалары» тарауын қараңыз.
Бағдарлама параметрлері (4 түймешігі )
Бағдарлама түріне қарай əртүрлі функцияларды біріктіріп пайдалануға болады.
Назар аударыңыз: Параметрлердің ішінде өзара сай келмейтіндері де бар.
Бейнебетте өзара сай келмейтін параметрлерге қатысты белгішелер мен
хабарлар көрсетілмейді.
132XXXXXX_KK:132XXXXXX_PIC.qxd 25/09/2008 14.46 Pagina 17










