User manual

18
Пайдалану
Дегенмен, орнатылған жуу бағдарламасына не басқа да таңдалған параметрге
сай келмейтін функция таңдалса бейнебетте «Таңдауға болмайды» деген
жазу пайда болады.
Функцияларды жуу бағдарламасын орнатып болып, бірақ
8 түймешігін баспай
тұрып таңдаңыз.. Параметрлер мəзірін белсенді күйге көшіру үшін
4 түймешігін
басыңыз.
Мəзірдегі параметрлердің барлығын ашып көру үшін
4 түймешігін басыңыз.
Тиісті параметрдің атауы тіктөртбұрыштың ішінен көрінеді де, оны таңдай
беруге болатындығын бідіреді.
5 түймешігін басыңыз түймешігін басып таңдаған параметріңізді құптаңыз.
Бейнебеттің оң жағында тиісті белгіше пайда болады да, осы параметрдің
орнатылғандығын білдіреді. Функцияны ажыратып қою үшін сол түймешікті
басыңыз.
Функцияларды таңдап болған соң бейнебет бастапқы қалыпқа көшкенше 10
секундтай күте тұрыңыз. Бейнебетте таңдалған параметрлер пайда болады.
Осы параметр мен жуу бағдарламаларының өзара сай келетін-келмейтіндігін
білу үшін «Жуу бағдарламалары» тарауын қараңыз.
АЛДЫН АЛА ЖУУ параметрін таңдау
Бұл параметрді кірді негізгі жуу арқылы жумай тұрып, 30°C температурада
алдын ала жуып алғыңыз келсе таңдаңыз. Алдын ала жуу циклі мақта мата мен
синтетикаға арналған бағдарламаларда барабанның аз ғана айналуымен
шектелсе, нəзік матаға арналған бағдарламаларда су тек ғана сарқылады.
Бейнебетте тиісті белгіше пайда болады.
ДАҚ параметрін таңдау
Бұл параметрді аса қатты кірлеген не дақтанған кірді дақ кетіргішпен жуу
үшін(дақ кетіру циклі бар ұзартылған негізгі жуу)таңдаңыз.
Бұл параметрдің температурасын 40°C азайтып таңдау мүмкін емес.
Назар аударыңыз! Егер бағдарламаны дақ кетіру параметрімен қосып
орындағыңыз келсе, дақ кетіргішті қорапшасына салыңыз.
Бейнебетте тиісті белгіше пайда болады.
СЕЗІМТАЛ параметрін таңдау
Осы түймешікті басқан кезде жуу қарқыны азаяды. Машина МАҚТА МАТА жəне
СИНТЕТИКА бағдарламаларына бір шаю кезеңін қосады.
Бұл параметрді ЭКСТРА ШАЮ параметрімен қосып таңдауға келмейді.
Бұл функцияны нілі тез шықпайтын мата мен жиі жуылатын заттар үшін
пайдалану ұсынылады.
132XXXXXX_KK:132XXXXXX_PIC.qxd 25/09/2008 14.46 Pagina 18