User manual

19
Пайдалану
ЭКСТРА ШАЮ параметрін таңдау
Бұл құрылғы суды үнемдеу үшін жасалған. Дегенмен, терісі өте сезімтал
(жуғыш затқа аллергиясы бар) адамдар үшін кірді қосымша сумен шаю
(ЭКСТРА ШАЮ) қажет болуы мүмкін.
Бейнебетте тиісті белгіше пайда болады.
ЖАДЫДА САҚТАУ параметрін таңдау
Бағдарламаның жиі пайдаланылатын функцияларын сақтап қоюға болады
(мысалы, АЛДЫН АЛА ЖУУ жəне ЭКСТРА ШАЮ функциялары бар мақта мата,
60°C, 1000 мин/айн бағдарламасы).
Осы үшін құрылғы жадында 2 жол орын қалдырылған жəне сақталған
бағдарламаларды бағдарламаны таңдайтын түймешені соңғы екі орынға қойып
таңдауға мүмкіндік бар. Сақталған бағдарламаны басқа бағдарламаларды
таңдағандай бағдарламаны таңдайтын түймеше арқылы таңдауға болады.
Жадыда сақтау:
қалаған бағдарламаңыз бен қажетті параметрлерді таңдаңыз
параметрлер мəзірін белсенді күйге көшіру үшін 4 түймешігін басыңыз
4 түймешігін басу арқылы ЖАДЫДА САҚТАУ параметріне жеткен соң 5
түймешігін басыңыз
4 түймешігін басу арқылы өз бағдарламаңыз сақталатын ЖАДЫ (1-2) нөмірін
таңдап алыңыз.
таңдалған бағдарламаны жадыда сақтау үшін 5 түймешігін басыңыз.
Бейнебетте «Сақталды» деген жазу ерекше айқын көрсетіліп тұрады.
Функцияларымен қоса сақталған бағдарламаны өзгерту үшін əрекеттерді
басынан бастап орындап шығыңыз.
Ескерім
Жадыдағы орында осыған дейін таңдалған бағдарлама тұрса, бейнебетте
“Жады бос емес” деген жазу пайда болады. Оның үстіне жазу үшін OK
түймешігін басыңыз. ПАРАМЕТРДІ болдырмау» түймешігін басыңыз. Содан
соң жаңа бағдарламаны жадыда сақтау үшін
5 түймешігін басыңыз.
ЖАДЫ бағдарламаларын өшіру мүмкін емес, тек оның үстіне басқа жаңа
бағдарламаны жазуға ғана болады.
Бала қауіпсіздігінің құралын таңдау
Құрылғыңыз оның есігі жабық тұрған кезде бала зақым алады не құрылғыға
нұқсан келеді деп қауіптенбей-ақ машинаны еш қараусыз қалдыра беру
мүмкіндігін беретін БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ ҚҰРАЛЫ-мен жабдықталған.
Бұл функцияны
8 түймешігін баспай тұрып, бірақ қажетті жуу бағдарламасын
таңдап болған соң орнатыңыз.
Бұл функция сонымен қатар кір жуғыш машина жұмыс істемей тұрған кезде де
қосылып тұрады.
132XXXXXX_KK:132XXXXXX_PIC.qxd 25/09/2008 14.46 Pagina 19