User manual

20
Пайдалану
Бала қауіпсіздігінің құралы функциясын орнату:
параметрлер мəзірін белсенді күйге көшіру үшін 4 түймешігін басыңыз.
бала қауіпсіздігінің құралын табу үшін 4 түймешігін басыңыз.
осы параметрді қосу үшін 5 түймешігін басыңыз. Бейнебетте тиісті белгіше
мен «машина құлпын ашу үшін ПАРАМЕТР жəне OK екеуін 5 секунд
қатар басыңыз» жазуы пайда болады.
Бала қауіпсіздігінің құралы бар бағдарлама басталып кеткен соң, бейнебетте
«Машина құлыптаулы, оны ашу үшін тиісті комбинацияны басыңыз.»
жазуы пайда болады.
Бағдарламаның соңында
4 жəне 5 түймешіктерін бейнебетте «Машина құлпы
ашылды» жазуы пайда болғанша 5 секундтай қатар басып ұстап тұру қажет
Бұл функция тұрақты түрде белсенді күйде болады. Оны ажыратып қою үшін
Бала қауіпсіздігінің құралын орнату тарауын қараңыз.
УАҚЫТТЫ ҮНЕМДЕУ параметрін таңдау (6 түймешігі)
Кір жуғыш машина əдепкіде «Қалыпты кірлеген кірге» арналған жуу циклін
ұсынады. Жуу циклін осы түймешік арқылы қысқартуға болады.
Бұл параметрді МАҚТА МАТА,СИНТЕТИКА жəне НƏЗІК МАТАҒА арналған
бағдарламалар үшін таңдауға болады.
Осы түймешікті бір рет басқанда тиісті белгіше жанып, бейнебетте КҮНДЕЛІКТІ
жазуы пайда болады да, жуу бағдарламасының ұзақтығын «Күнделікті кірлейтін
кірге» арнап қысқартуыңызға болады. Бейнебетте қысқарған жуу уақыты пайда
болады. Ол күнделікті кірлейтін кірлер үшін қолданылады.
Осы түймешікті екі рет басқанда
тиісті белгіше жанып, бейнебетте СУПЕР
ЖЫЛДАМ жазуы пайда болады да, жуу бағдарламасының ұзақтығын «Жеңіл
кірленген кірге» арнап қысқартуыңызға болады. Бейнебетте қысқарған жуу
уақыты пайда болады.
Оны тек жеңіл-желпі кірленген заттар үшін
ғана пайдалануға болады.
БАСТАУ/ҮЗІЛІС түймешігін басу (8 түймешігі)
Таңдалған бағдарламаны бастау үшін осы түймешікті басыңыз. Тиісті қызыл
сигнал шамы жыпылықтауын тоқтатады.
Бейнебетте таңдалған бағдарламаның атауы мен орындалып тұрған кезеңі
пайда болады да, құрылғының іске қосыла бастағандығын жəне есіктің
құлыптаулы екендігін білдіреді.
Орындалып тұрған бағдарламаны үзіліске қою үшін
8 түймешігін басыңыз:
тиісті қызыл сигнал шамы жыпылықтай бастайды да, бейнебетте «ҮЗІЛІС»
жазуы пайда болып машинаның үзілісте тұрғандығын білдіреді.
Бағдарламаны үзілген жерінен əрі қарай жалғастыра түсу үшін 8 түймешігін
қайта басыңыз.
Кешіктіріп бастау параметрі таңдалған жағдайда машина кері санақты
бастайды.
132XXXXXX_KK:132XXXXXX_PIC.qxd 25/09/2008 14.46 Pagina 20