User manual

21
Пайдалану
КЕШІКТІРІП БАСТАУ функциясын таңдау (9 түймешігі)
Бұл функция жуу бағдарламасын 30, 60, 90 минутқа, 2 сағатқа жəне 1 сағаттан
20 сағатқа дейін кешіктіріп бастауға мүмкіндік береді.
Кешіктіріп бастау уақытын таңдау:
Бағдарлама мен қажетті параметрлерді таңдаңыз;
Қажетті кешіктіріп бастау уақытын 9 түймешігін басып таңдаңыз, бейнебетте
тиісті уақыт шамасы мен белгіше
7.8 пайда болады.
Бағдарлама соңына дейін қалған уақыт есептелініп
7.7 арқылы беріледі.
Машина кері санақты бастау үшін 8 түймешігін басыңыз: кері санақ мəні 7.8
арқылы көрсетіліп тұрады. Кешіктіріп бастау уақыты аяқталған соң
бағдарлама басталады.
Кешіктіріп бастау функциясын кез келген уақытта,
8 түймешігін баспай тұрып
біржола тоқтатуыңызға болады.
Кешіктіріп бастауды болдырмау:
кір жуғыш машинаны 8 түймешігін басу арқылы ҮЗІЛІСКЕ қойыңыз.
9 түймешігін бейнебеттен өшкенше басыңыз
бағдарламаны қайта бастау үшін 8 түймешігін қайта басыңыз.
КЕШІКТІРІП БАСТАУ параметрін САРҚУ не АЙНАЛДЫРУ бағдарламаларымен
бірге таңдауға болмайды.
Параметрге не орындалып тұрған бағдарламаға өзгеріс енгізу
Бағдарлама параметрді орындамай тұрып кез келген параметрді өзгертуге
болады. Қандай да бір өзгерісті енгізбес бұрын, кір жуғыш машинаны
8
түймешігін басып барып үзіліске қойып алыңыз.
Орындалып тұрған бағдарламаны тек бастапқы қалыпқа əкелген соң ғана
өзгертуге болады. Бағдарламаны таңдайтын түймешені
0
қалпына қойыңыз
да, содан соң жаңа бағдарламаны таңдаңыз.
5 түймешігін басып алдыңғы жуу
бағдарламасын біржола тоқтатыңыз. Жаңа бағдарламаны
8 түймешігін қайта
басу арқылы бастаңыз. Машина ішіндегі кір жуылатын су сарқылмайды.
Бағдарламаны үзу
Орындалып тұрған бағдарламаны кідірте тұру үшін 8 түймешігін
басыңыз,сəйкес келетін шам жыпылықтай бастайды. Бағдарламаны қайта
бастау үшін де осы түймешікті қайта басыңыз.
Бағдарламаны болдырмау
Бағдарламаны таңдайтын түймешені
0
қалпына əкеліңіз де, содан соң оны
жаңа таңдалған бағдарламаға қойыңыз.
Орындалып тұрған бағдарламаны біржола болдырмау үшін
5 түймешігін
басыңыз.
Енді жаңа бағдарламаны бастау үшін
8 түймешігін басыңыз.
132XXXXXX_KK:132XXXXXX_PIC.qxd 25/09/2008 14.46 Pagina 21