User manual

22
Пайдалану
Бағдарлама басталып кеткен соң есікті ашу
Алдымен кір жуғыш машинаны 8 түймешігін басу арқылы ҮЗІЛІСКЕ қойыңыз.
Бейнебетте «Үзіліс» хабары тұрақты көрсетіліп тұрса есікті аша беруге
болады.
Егер «Үзіліс» жəне «Есік құлыптаулы» хабары алма-кезек көрсетіліп
тұрса, бұл машинаның суды əлдеқашан қыздырып тұрғандығын, су
деңгейінің есіктің астыңғы қырынан жоғары тұрғандығын не барабанның
айналып тұрғандығын көрсетеді: бұл жағдайда есікті ашу мүмкін емес.
Есікті аша алмасаңыз, бірақ оны міндетті түрде ашу қажет болса,
түймешені
0
қалпына қою арқылы машинаны өшіріңіз. Бірнеше минуттан
соң есікті ашуға болады (судың деңгейі мен температурасына назар
аударыңыз!).
Есікті жапқаннан кейін алдыңғы бағдарламаны қайта таңдап
8 түймешігін
басуыңыз қажет, бағдарлама үзілген жерінен бастап қайта жалғасады.
Бағдарламаның соңы
Машина автоматты түрде тоқтайды. 8 түймешігінің сигнал шамы өшіп,
бейнебетте
0:00 тұрақты түрде көрсетіледі де, дыбысты сигнал бірнеше минут
бойы естіліп тұрады.
Егер Шаюды кідірту не Түнгі цикл параметрі таңдалса,
8 түймешігінің сигнал
шамы өшіп, бейнебетте «Есік құлыптаулы» жəне «Шаюды кідірту»
жазулары пайда болады да, есік бекітпесі салынып машина ішіндегі суды сарқу
қажеттігін білдіреді.
Суды төгу үшін төмендегі нұсқауларды орындаңыз:
бағдарламаны таңдайтын түймешені O/OFF
қалпына қойыңыз да, СУДЫ САРҚУ не АЙНАЛДЫРУ бағдарламасын
таңдап, оны
5 түймешігін басу арқылы құптаңыз
қажет болса, айналдыру жылдамдығын тиісті түймеше арқылы азайтыңыз.
8 түймешігін
бағдарлама аяқталып, бейнебетте 0:00 тұрақты жанып жəне «Аяқталды»
жазуы пайда болған кезде басыңыз. Есікті ашуға болады.
Машинаны өшіру үшін бағдарламаны таңдайтын түймешені
O/OFFқалпына
қойыңыз. Кірді машинадан еппен алыңыз да, барабанның бос екендігіне көз
жеткізіңіз.
Тағы да кір жуғыңыз келмесе су құятын кранды жабыңыз. Зең мен жағымсыз
иіс пайда болмас үшін есікті ашық қалдырыңыз.
132XXXXXX_KK:132XXXXXX_PIC.qxd 25/09/2008 14.46 Pagina 22