User manual

26
Бағдарлама туралы ақпарат
Бағдарлама туралы ақпарат
ГИГИЕНА
Ақ мақта матаға арналған жуу бағдарламалары. Бұл
бағдарлама 60°C жуу мен қосымша шаю кезеңдерінің
көмегімен киімдерді микроорганизмдерден арылтады.
Осы процессті неғұрлым тиімді жүзеге асыру үшін
“Гигиена” деп аталатын арнайы қоспаны көк
таңбалама салынған қорапшаға салыңыз да, ДАҚ
функциясын таңдаңыз.
40-60 АРАЛАС
Əртүрлі жуу температураларында жууға болатын ақ
жəне боялған мақтадан жасалған заттарға арналған
арнайы бағдарлама. Бұл бағдарламаны 40°C не 60°C
температурада жеке жууға болатын кірлер үшін
қолдануға болады. Қуат пен суды үнемдеу үшін, кірді
барабанға саларда оның салмағын максимум
мөлшерге жеткізіп салу керек. Нəтижесі 60°C
температурадағы қалыпты бағдарламаның жуу
нəтижесіндей жақсы болады.
ДЖИНСЫ
Осы бағдарламаның көмегімен джинсы шалбар,
көйлек не курткаларды жəне үздік технологиямен
жасалған трикотаж бұйымдарды жууға болады.
(ЭКСТРА ШАЮ параметрі автоматты түрде
қосылады).
ЖЕҢІЛ ҮТІКТЕУ
Бұл бағдарламаны таңдаған кезде кір баппен
жуылып, құрысып қалмас үшін ақырын
айналдырылады. Осылай жуғанда үтіктеу оңайға
соғады. Машина бұдан соң қосымша шаю кезеңдерін
де орындайды.
КӨРПЕ
Жалғыз синтетика көрпені, төсек сырмақ т.б. жууға
арналған. Жуу температурасы 30°C жəне 40°C.
ЖҮН МАТА
(ҚОЛМЕН ЖУУ)
Машинада жууға болатын жүн мата мен қолмен
жуылатын жүн тоқыма,сондай-ақ «қолмен жуылады»
деген затбелгісі бар нəзік маталарға арналған жуу
бағдарламасы
.
Ескерім: Жалғыз не ауыр зат салмақ тепе-теңдігін
бұзуы мүмкін. Егер құрылғы соңғы айналдыру кезеңін
орындамаса, көбірек зат қосып салыңыз не заттарды
қолмен таратып салыңыз да, содан соң айналдыру
бағдарламасын таңдаңыз.
ƏЙЕЛДЕРДІҢ ІШ КИІМІ
Бұл бағдарлама əйелдердің аса нəзік іш киімдері мен
төс тартқышын жууға арналған.
132XXXXXX_KK:132XXXXXX_PIC.qxd 25/09/2008 14.47 Pagina 26