User manual
27
Бағдарлама туралы ақпарат
Бағдарлама туралы ақпарат
ҮНЕМДІ
Бұл бағдарламаны аздап не қалыпты кірлеген мақта
матадан жасалған заттар үшін таңдауға болады.
Температура төмендейді де, жуу уақыты созылады.
Бұл қуатты үнемдей отырып жуу нəтижесін жақсартуға
көмектеседі.
ЖІБЕК
Жібек мата не синтетика аралас маталарға арналған,
баппен жуатын бағдарлама.
СПОРТ КИІМДЕРІ
Спорт киімдерін жууға арналған арнайы бағдарлама.
Осы бағдарламаны таңдағанда ешбір қоспаны қосуға
болмайды.
20 МИН. - 3 кг
30°C температурада орындалатын арнайы
бағдарлама, ұзақтығы - шамамен 20 минут,
жаңартылуға тиіс кірлер үшін тамаша жарайды:
мысалы, бір рет ғана киілген спорт күртешесін не
болар-болмас кірлеген не жаңа киімдер үшін.
ЖЫЛДАМ ҚАРҚЫНДЫ
Аздап кірлеген ақ/нілі тез шығатын мақта мата мен
аралас маталарға арналған жылдам жуатын
бағдарлама.
АЙНАЛДЫРУ
Қолмен жуылған киім-кешек пен ШАЮДЫ КІДІРТУ
жəне ТҮНГІ ЦИКЛ функциялары бар бағдарламалар
арқылы жуылған кірлер үшін пайдаланылатын
арнайы айналдыру. Бұл бағдарламаны таңдамас
бұрын таңдағыш түймешені
O қалпына бұрап қою
керек. Тиісті түймешікті басып, жуылатын киімге сай
келетін жылдамдықты таңдап алуыңызға болады.
БАППЕН ШАЮ КЕЗЕҢДЕРІ
Бұл бағдарлама арқылы қолмен жуылған киім-
кешектерді шаюға жəне айналдыруға болады.
Машина 3 рет шаяды, соңында қысқа айналдыру
циклін орындайды. Айналдыру жылдамдығын тиісті
түймешікті басып азайтуға болады.
САРҚУ
ШАЮДЫ КІДІРТУ жəне ТҮНГІ ЦИКЛ функциялары
бар бағдарламалардың соңғы шаю кезеңінің суын
төгуге арналған. Бұл бағдарламаны таңдамас бұрын
таңдағыш түймешені
O қалпына бұрап қою керек.
132XXXXXX_KK:132XXXXXX_PIC.qxd 25/09/2008 14.47 Pagina 27










