User manual

28
Жуу цикліне дайындалу
Жуу цикліне дайындалу
Жуылатын кірді сұрыптау
Əрбір киімнің затбелгісіндегі жууға қатысты белгішелерге мұқият назар аударып,
өндірушінің жууға қатысты нұсқауларын орындаңыз. Киімді төмендегідей сұрыптау
керек: ақ, түрлі-түсті, синтетика, нəзік мата, жүн тоқыма.
Температуралары
Жуылатын кірді салмас бұрын
Ақ жəне түрлі-түсті киімдерді ешқашан бірге жумаңыз. Ақ киімнің «ақтығы» жуу
барысында бозарып қалуы мүмкін.
Жаңа түрлі-түсті киімдерді ең алғаш рет жуғанда бояуы шығуы мүмкін;
сондықтан да оларды алғашқыда жеке-жеке жуу қажет.
Жуылатын кірдің қалтасында ешбір темір заттың қалып қоймауын
қадағалаңыз (мысалы, шаш қыстырғыш, қауіпсіздік түйреуіші,
түйреуіштер).
Жастық қаптарының түймесін салып, тартпаларды тартып жауып, ілгектер мен
батырма түймешіктерді салыңыз. Белбеу не ұзын таспалар болса оларды
байлаңыз.
Оңай арылмайтын дақтарды кір жууды бастамай тұрып кетіріп алыңыз.
Дақтанған жерлердің бір өзін арнайы жуғышпен не жуғыш қоймалжыңмен
ысқылап сүртіңіз.
Перделерді ерекше баппен тазалаңыз. Ілгектерді алып қойыңыз не оларды
торға орап немесе қалтаға салып жуыңыз.
95° не 90°
қалыпты кірленген ақ мата не зығырдан жасалған
заттарға (мысалы, шай сулықтары, сүлгі, үстел
жапқыштар не майлықтар) арналған.
60°/50°
қалыпты кірленген, бояуы тез шығатын зығыр, мақта
не синтетика киімдер(мысалы, жейде, жатарда
киілетін киімдер, пижама....) мен аздап кірленген ақ
мақта киімдерге (мысалы, іш киім) арналған.
40°-30°- Суық
нəзік мата(мысалы, тор перде), синтетика мен жүн
мата аралас заттар мен «таза əрі жаңа, машинада
жуылатын, тартылмайтын жүн» деген затбелгісі бар
жүн киімдерге арналған.
132XXXXXX_KK:132XXXXXX_PIC.qxd 25/09/2008 14.47 Pagina 28