User manual

29
Жуу цикліне дайындалу
Жүктің максимум салмағы
Кірдің ұсынылатын салмағы жуу бағдарламалары кестелерінде берілген.
Негізгі ережелер:
Мақта мата, зығыр мата: кір барабанға толтырыла, бірақ аса тығыздалмай
салынады;
Синтетика: кір барабанның орта шегінен асырылмай салынады
;
Нəзік мата мен жүн мата: кір барабанның үштен біріне дейін ғана
толтырылады;
Максимум салмақ су мен қуатты неғұрлым тиімді пайдалануды мүмкін етеді.
Аса кірлеген заттарды жуарда, салынатын кірдің мөлшерін азайтыңыз.
Кірдің салмағы
Төмендегі салмақтар тек жалпылама ұсыныс ретінде ғана берілген:
Дақтарды кетіру
Оңай кетпейтін дақтарды тек су мен жуғыш зат арқылы кетіре алмауыңыз
мүмкін. Сондықтан да бұндай дақтарды кірді жумай тұрып кетіріп алған дұрыс.
Қан: жаңа түскен дақты суық сумен жуып алыңыз. Кеуіп кеткен дақтарды
арнайы жуғыш зат салынған суға салып түні бойы жібітіңіз де, содан соң
сабынды суға салып ысқылаңыз.
Майлы сырдан қалған дақ: дақ кетіргіш бензинмен жібітіңіз де, киімді жұмсақ
матаның үстіне қойып, дақты сіңіріп алыңыз; осыны бірнеше рет қайталаңыз.
Кеуіп қалған май дақтары: скипидармен жібітіңіз де, киімді жұмсақ заттың
үстіне қойып, мақтадан жасалған матаны даққа қойып, оны саусағыңыздың
ұшымен басып сіңіріп алыңыз.
1200 г
монша халаты
100 гмайлық
700 гкөрпе жапқыш
500 гақжайма
200 гжастықтың тысы
250 гүстел жапқыш
200 гтөсеніш сүлгі
100 гшай сүлгісі
200 гұйқы кезінде киілетін киім
100 гəйелдердің қысқа шалбары
600 герлердің жұмыс жейдесі
200 герлердің жейдесі
500 герлердің пижамасы
100 гблузка
100 герлердің ішкі шалбары
132XXXXXX_KK:132XXXXXX_PIC.qxd 25/09/2008 14.47 Pagina 29