User manual
30
Жуу цикліне дайындалу
Тот: ыстық суға ерітілген шавель қышқылы не суықтай пайдаланылатын тот
кетіргіш зат. Көнерген тот дақтарын тазалағанда абай болыңыз, себебі талшық
құрылымына əлдеқашан нұқсан келгендіктен мата тесіліп кетуге бейім тұрады.
Зең дақтары: ағартқышпен сүртіңіз де мұқият шайыңыз (ақ не бояу тез
шығатын түсті киімдер үшін ғана).
Шөп нілі: Аздап ғана сабындап ағартқышпен сүртіңіз(ақ не бояу тез шығатын
түсті киімдер үшін ғана).
Шарикті қалам не желім: ацетонмен (*) жібітіңіз де, киімді жұмсақ матаның
үстіне қойып, дақты сіңіріп алыңыз;
Далап: жоғарғыдағыдай ацетонмен жібітіңіз де, содан соң этил спиртімен
сүртіңіз. Кез келген қалып қойған дақты ағартқышпен сүртіңіз.
Қызыл шарап: жуғыш зат салынған суға жібітіңіз де, сірке не лимон
қышқылымен сүртіңіз, содан соң шайыңыз. Кез келген қалып қойған дақты
ағартқышпен сүртіңіз.
Сия: Сияның түріне қарай алдымен матаны ацетонмен(*), содан соң сірке
қышқылымен жібітіп алыңыз; ақ матада қалып қойған кез келген дақты
ағартқышпен сүртіңіз де, содан соң мұқият шайыңыз.
Шайыр дақтары: алдымен дақ кетіргіш, этил спирті не бензинмен сүртіңіз,
содан соң жуғыш қоймалжыңмен ысқылаңыз.
(*)жасанды жібекті тазалауға ацетонды пайдаланбаңыз.
Жуғыш заттар мен қоспалар
Жуған кезде жақсы нəтижеге жету сондай-ақ, жуғыш затты дұрыс таңдап алу,
оны босқа ысыраптамай жəне қоршаған ортаға зиян келтірмейтіндей тиісті
мөлшерде пайдалануға да байланысты.
Сонымен қатар сіңіп кететін заттардың құрамында, мөлшері шамадан тыс көп
болған жағдайда табиғаттың үйлесімін бұзуы мүмкін заттар кездеседі.
Жуғыш затты таңдау матаның түріне(нəзік мата, жүн тоқыма, мақта мата
т.б.),түсіне, жуу температурасына жəне қаншалықты кірленгендігіне
байланысты болады.
Əдетте кір жуғыш машинада пайдаланылатын жуғыш заттардың барлығын да
осы машинада қолдануға болады:
● матаның барлық түрлеріне арналған ұнтақ жуғыштар,
● нəзік мата(макс. 60°C) мен жүн заттарға арналған ұнтақ жуғыштар,
● матаның барлық түрлеріне не əсіресе, жүн заттарға ғана арналған төменгі
температурада жуатын бағдарламаларға(макс. 60°C) арналған сұйық жуғыш
заттар.
Жуу бағдарламасын бастамас бұрын жуғыш зат не басқа да пайдаланылатын
қоспалар тиісті үлестіргіштер қорапшасына салынуға тиіс.
132XXXXXX_KK:132XXXXXX_PIC.qxd 25/09/2008 14.47 Pagina 30










