User manual

32
Тазалау жəне күтіп ұстау
Тазалау жəне күтіп ұстау
Тазалау мен жөндеу жұмыстарын жүргізбес бұрын құрылғыны электр желісінен
АЖЫРАТУЫҢЫЗ қажет.
Қақ тазалау
Біз пайдаланатын судың құрамында əдетте əк болады. Су жұмсартқыш ұнтақты
машинада мезгіл-мезгіл пайдаланып отырған дұрыс. Бұны кір жуудан басқа
кезде, жұмсартқыш ұнтақты өндірушінің нұсқауларына сай орындаңыз.
Бұл əк қағының жиналып қалуынан сақтайды.
Əрбір жуу циклі аяқталған соң
Есікті біраз уақыт ашып қойыңыз. Бұл құрылғының ішінде зең пайда болып не
борсық иіс тұрып қалудың алдын алуға көмектеседі. Əрбір жуу циклі аяқталған
соң құрылғының есігін ашық қалдыру, есіктің тығыздағышын қалыпты күйде
сақтауға көмектеседі.
Тазалау үшін жуу
Төменгі температурадағы бағдарламаларды пайдаланған кезде барабанның
ішіне қалдық жиналып қалуы мүмкін.
Біз тазалау мақсатында жуу бағдарламасын мезгіл-мезгіл орындауды
ұсынамыз.
Машинаны тазалау үшін жуу бағдарламасын орындау үшін:
Барабанға ешбір кір салынбауға тиіс.
Мақта затты жууға арналған ең жоғарғы температурадағы бағдарламаны
таңдаңыз.
Жуғыш затты қалыпты мөлшерде пайдаланыңыз, ол биологиялық қасиеті
бар ұнтақ зат болуға тиіс
.
Сыртын жуу
Құрылғының сырт жағын сабынды сумен жуыңыз да, содан соң мұқият
құрғатыңыз.
Маңызды: құрылғыны жуу үшін метил спирті, еріткіштер не сол сияқты
заттарды пайдалануға болмайды.
Жуғыш зат үлестіргіш
Жуғыш зат үлестіргіштің қорапшасын
мезгіл-мезгіл тазалап отыру қажет.
1. Жуғыш зат үлестіргіштің қорапшасын
тартып шығарып алыңыз.
2. Ортаңғы қорапшадан мата
жұмсартқыш салынатын құралды
алыңыз.
132XXXXXX_KK:132XXXXXX_PIC.qxd 25/09/2008 14.47 Pagina 32