User manual

Су құятын түтікшедегі сүзгі
Машинаға су құюға ұзақ уақыт кетіп жатқанын
байқасаңыз, су құятын түтікшедегі сүзгінің
бітелген-бітелмегенін тексеріп алыңыз.
1. Су шүмегін жабыңыз.
2. Түтікшені шүмектен ағытып алыңыз.
3. Түтікшедегі сүзгіні қылы қатты шөткемен
тазалаңыз.
4. Түтікшені шүмекке бұрап бекітіп қойыңыз.
Мұздап қалудың алдын алатын сақтық шаралары
Егер машина температурасы 0°C төмен түсіп кететін жерге орнатылса
төмендегі əрекеттерді орындаңыз:
1. Судың шүмегін жабыңыз да, су құятын түтікшені шүмектен ағытып алыңыз.
2. Тосын жағдайда суды сарқуға арналған түтікшенің ұшы мен су құятын
түтікшенің ұшын еденге қойылған шыныаяққа салып суын əбден сарқып
ағызыңыз.
3. Су құятын түтікшені қайта орнына бұрап салыңыз да, тосын жағдайда кір
суды сарқитын түтікшені де қақпағын жапқан соң орнына қойыңыз
.
Осылайша, судың ішінде қалып қоюы мүмкін суды ағызып, мұз қатып,
құрылғыға зиян келудің алдын аласыз.
Машинаны қайта пайдаланған кезде, қоршаған орта температурасының 0°C
жоғары екендігіне көз жеткізіп алыңыз.
Тосын жағдайда суды сарқу
Егер су сарқылмаса, машинадағы суды ағызу үшін төмендегі шараларды
орындаңыз:
1. ашаны розеткадан суырып алыңыз;
2. судың шүмегін жабыңыз;
3. қажет болса су суығанша күтіңіз;
4. сорғыш есігін ашыңыз;
5. шыныаяқты еденге қойыңыз да, суды тосын жағдайда сарқуға арналған
түтікшенің ұшын соған салыңыз. Оның қақпағын алыңыз. Су шыныаяққа
гравитациялық екпінмен ағып құйылады. Шыныаяқ толған кезде, түтікшенің
қақпағын жабыңыз. Шыныаяқтағы суды төгіңіз. Бұл əрекетті су ақпай
қалғанша қайталаңыз;
6. қажет болса сорғышты осыған дейін айтылып өткендегідей тазалаңыз;
7. ды тосын жағдайда сарқуға арналған түтікшені орнына қойып
орналастырыңыз;
8. сорғышты қайта бұрап қойып, есікті жабыңыз.
35
Тазалау жəне күтіп ұстау
132XXXXXX_KK:132XXXXXX_PIC.qxd 25/09/2008 14.47 Pagina 35