User manual
38
Төмендегі жағдайларда не істеу керек...
Еденге су аққан:
Жуғыш зат тым көп мөлшерде пайдаланылған не
сай келмейтін жуғыш зат (тым көп көбік пайда
болады)қолданылған.
● Жуғыш зат мөлшерін азайтыңыз не басқа
жуғыш затты пайдаланыңыз
.
Су құятын түтікшенің тығырықтарының ешбірінен
су ақпай тұрғандығын тексеріңіз. Су түтікше
арқылы төмен құлдилап ағатындықтан мұны көру
əрқашан мүмкін бола бермейді; оның дымданып
тұрған не тұрмағандығын тексеріп көріңіз.
● Су құятын түтікше қосылымын тексеріңіз.
Су құятын түтікшеге нұқсан келген.
● Оның орнына жаңасын салыңыз.
Суды тосын жағдайда сарқитын түтікшенің
қақпағы орнына қойылмаған не тазалап
болғаннан кейін сүзгі өз орнына дұрыс
орнатылмаған.
● Қақпақты тосын жағдайда суды сарқу үшін
пайдаланылатын түтікшеге қайта салып,
түтікшені өз орнына орнатыңыз.
Ақаулық Мүмкін себебі/Шешімі
Есік ашылмайды:
Бағдарлама əлі жұмыс істеп тұр.
● Жуу циклі аяқталғанша күтіңіз.
Барабанның ішінде су тұр.
● Суды сарқу үшін сарқу не айналдыру
бағдарламасын таңдаңыз.
● Есікті бейнебеттегі жазуларға қарап ашыңыз.
Жуу нəтижесі
қанағаттандырарлық емес:
Жуғыш зат өте аз мөлшерде пайдаланылған не
мүлдем сай келмейтін жуғыш зат қолданылған.
● Жуғыш зат мөлшерін көбейтіңіз не басқа
жуғыш затты пайдаланыңыз.
Оңай кетпейтін дақтар кірді жумай тұрып алдын
ала кетірілмеген.
● Оңай кетпейтін дақтарды сатудағы заттарды
пайдаланып кетіріңіз
.
Дұрыс температура таңдалмаған.
● Дұрыс температураның таңдалған не
таңдалмағандығын тексеріңіз.
Кірдің салмағы шамадан тыс көп.
● Барабанға салынатын кірді азайтыңыз.
132XXXXXX_KK:132XXXXXX_PIC.qxd 25/09/2008 14.47 Pagina 38










