User manual
44
Орналастыру мен тіктеу
Машинаны тегіс қатты еденнің үстіне
орналастырыңыз.
Машинаның айналасындағы ауа айналымына кілем
не төсеніштер еш кедергі келтірмей тұрғандығын
тексеріңіз.
Оны кішкене кафельдердің үстіне қоймас бұрын
оның үстіне резеңке төсеніш төсеп алыңыз.
Еден тегіс емес болған жағдайда оны ешқашан ағаш кесектерін, сынама тақта
не кішкене заттарды машина астына қою арқылы тегістеуге тырыспаңыз.
Машинаны газ пеші не көмір жағылатын пештің қасынан басқа жерге қою
мүмкін болмаса, онда оның газ не көмір жағылатын пешке қарайтын жағына
алюминий қаңылтырмен қапталған тақтайды, қатар қойылатын екі құрылғының
ортасына кіріктіріп қойыңыз.
Машинаны температурасы 0 градустан төмен түсіп кететін бөлме ішіне қоюға
болмайды.
Су құятын жəне суды сарқитын түтікшелер жаншылып қалуға тиіс емес.
Құрылғының сынып қалған жағдайда жөндеуші маманның қолы оңай
жететіндей етіп орнатылғандығына көз жеткізіңіз.
Бұрамалы сирақтарды ұқыппен бұрап созу не қысқарту арқылы машинаны
дұрыстап тіктеп қойыңыз.
Еденнің қандай да бір кедір-бұдырын машинаның
астына тақтай, ағаш не сол сияқты заттарды қою арқылы тегістеуге
тырыспаңыз.
Автоматты реттелетін сирақ: Кір жуғыш
машинаның сол жақ артқы сирағы соққыға төтеп
беруге арналған, сондықтан да машинаға салмақ
салған кезде ол сол жақ артқы бұрышқа қарай сəл
жантаяды. Автоматты түрде реттелетін сирақ
машинаның тіпті кірді ең жоғарғы айналдыру
жылдамдығына салып айналдырса да орнынан
жылжымайтындығын білдіреді. Автоматты
реттелетін сирақтың бабын келтірудің қажеттігі жоқ.
Су құятын түтікше
Су құятын түтікше құрылғымен бірге жеткізіледі,
оны машина барабаны ішінен табуға болады..
Машинаны су жүйесіне жалғау үшін алдыңғы
машинаңыздан қалған түтікшені пайдаланбаңыз.
Бұл құрылғыны суық су жүйесіне қосу қажет.
1. Есікті ашыңыз да, су құятын түтікшені алыңыз.
2. Түтікшені машинаға бұрыш жасай отырып
жалғаңыз.
Орнату
HEC007S
HEC0006
132XXXXXX_KK:132XXXXXX_PIC.qxd 25/09/2008 14.47 Pagina 44










