User manual

45
Су құятын түтікшені төмен қаратып қоймаңыз. Су шүмегінің қалай
орналасқанына байланысты түтікшені оңға не солға қарай бұрыш
жасатып қойыңыз.
3. Шығырық тəрізді тығырықты босату арқылы түтікшені дұрыстап орнатыңыз.
Су құятын түтікшені дұрыс орналастырған соң су жылыстап ағып кетпес
үшін шығырық тəрізді тығырықты қатайтып бұрауды ұмытпаңыз.
4. Түтікшені шүмекке 3/4” тығырығы арқылы жалғаңыз. Əрқашан құрылғымен
қатар жеткізілген түтікшені пайдаланыңыз.
Су құятын түтікшені ұзартуға болмайды. Егер ол тым қысқа болса жəне су
шүмегін орнынан жылжытқыңыз келмесе, осындай мақсатта қолдануға
арналған жаңа əрі ұзын түтікшені сатып алуыңыз қажет.
Су құюды тоқтататын құрал
Су құятын түтікше су құюды тоқтататын құралмен
жабдықталған, бұл түтікшенің ескіруіне байланысты
орын алуы мүмкін судың түтікшеден жылыстап
ағуының алдын алуға көмектеседі. Бұл ақаулық “A
терезесіндегі қызыл сектор арқылы көрсетіледі.
Бұндай жағдай орын алса, судың шүмегін жабыңыз да,
түтікшені айырбастатып алу үшін жергілікті қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
Суды сарқу
Суды сарқитын түтікшенің ұшын үш түрлі жолмен
орнатуға болады:
Машинамен қатар жеткізілген түтікшенің пластик
бағыттауышы арқылы раковина жиегінен асыра
іліп қою.
Бұл үшін машина суы сарқылып тұрған кезде
түтікше ұшының раковина ернеуінен шығып кетпеуін
қамтамасыз етіңіз.
Бұл үшін оны шүмекке баумен байлап бекітуге не
қабырғаға бекітіп қоюға болады.
Раковина жуынды суын ағызатын түтік тармағы арқылы. Иілім жер
бетінен кем дегенде 60 см биіктікте тұру үшін, бұл тармақ сифоннан биік
орналасуға тиіс.
Суды сарқитын түтікшеге 60 см кем емес, 90 см артық емес қалыпта тікелей
жалғау арқылы.
Су ағызатын түтікшенің ұшы əрқашан желдетіліп тұруға тиіс, яғни жуынды су
құбырының ішкі диаметрі бұл түтікшенің сыртқы диаметрінен үлкен болуға тиіс.
Су ағызатын түтікше жаншылып қалмауға тиіс.
Орнату
132XXXXXX_KK:132XXXXXX_PIC.qxd 25/09/2008 14.47 Pagina 45