User manual

Маңызды!
Суды сарқитын түтікшені ең көп дегенде 4 метрге ұзартуға болады. Жергілікті
қызмет көрсету орталығында қосымша су сарқитын түтікше мен оны
жалғастыратын тетік бар.
Электр қосылымы
Электр қосылымына қатысты мəлімет, құрылғы есігінің ішкі қырында
орналасқан техникалық ақпарат тақтайшасында берілген.
Үйдегі электр желісінің басқа да электр құрылғыларын қоса алғанда максимум
қажетті жүктемені көтере алатындығын тексеріңіз.
Машинаны жерге қосылған розеткаға жалғаңыз.
Жоғарыда айтылған сақтық шарасы орындалмағандықтан машина
бүлінсе не адам жарақат алса, өндіруші қандай да бір жауапкершілікті өз
мойнына алудан бас тартады.
Құрылғыны орнатып болған соң қорек сымы қол оңай жететін жерде
тұруға тиіс.
Құрылғының қорек сымын ауыстыру қажет болса, оны міндетті түрде
қызмет көрсету орталығы жүзеге асыруға тиіс.
Тұрақты жалғап орнату
Құрылғыны тұрақты жалғап орнату үшін қос полюсті айырып-қосқышты,
құрылғы мен электр желісінің (желі), арасына, айырып-қосқыш контакттарының
арасына қолданыстағы электр ережелері бойынша электр жүктемесіне сай кем
дегенде 3 мм орын қалдыра отырып орнату қажет.
Айырып-қосқыш жерге қосылатын сары жəне жасыл сымдардың еш жерін
бөлмеуге тиіс.
Бұл жұмысты білікті электр маманы жүзеге асыруға тиіс.
46
Орнату
P1118
132XXXXXX_KK:132XXXXXX_PIC.qxd 25/09/2008 14.47 Pagina 46