User manual
47
Қоршаған ортаға қатысты жағдайлар
Қоршаған ортаға қатысты жағдайлар
Орам материалдары
белгішесі салынған материалдарды қайта өңдеуден өткізуге болады.
>PE<=полиэтилен
>PS<=полистирол
>PP<=полипропилен
Бұл аталмыш материалдарды тиісті жəшіктерге дұрыс салып тастаған
жағдайда қайта өңдеуден өткізуге болатындығын көрсетеді.
Ескі машина
Ескі құрылғыңызды тек рұқсат етілген жерге ғана тастаңыз. Еліңіздің таза болуына
өз үлесіңізді қосыңыз!
Өнімнің не оның қорабының сыртындағы белгішесі, бұл өнімнің əдеттегі
тұрмыстық қалдықтар қатарына жатпайтындығын көрсетеді. Сондықтан да, бұл
өнімді, электр жəне электроника бұйымдарын қайта өңдеуден өткізу үшін
арнайы жинайтын жерге апару керек. Өнімнің қолданыс мерзімі аяқталғаннан
соң, арнайы қалдықтарды жинайтын жерге апару арқылы, бұл өнім дұрыс
жолмен өңделмеген жағдайда орын алуы мүмкін, адам денсаулығы мен
қоршаған орта үшін залалды əсерлердің алдын алуға өз үлесіңізді қосасыз. Бұл
өнімді қайта өңдеуден өткізу туралы қосымша мəліметті жергілікті əкімшіліктен,
тұрмыстық қалдықтарды жинау қызметін көрсетуші ұйымнан, не өнімді сатып
алған дүкеннен аласыз.
Экологияға қатысты ақыл-кеңес
Су мен қуатты үнемдеу арқылы қоршаған ортаны қорғауға өз көмегіңізді тигізу
үшін төмендегі кеңестерді орындауды ұсынамыз:
● Қалыпты кірлеген кір киімді жуғыш затты, су мен уақытты(қоршаған орта да
қорғалады!)үнемдеу үшін алдын ала жумай-ақ жууға болады.
● Кірді толтыра салған кезде машина неғұрлым тиімді жұмыс жасайды.
● Дақ пен кірді алдын ала дұрыс тазалау арқылы кетіруге болады; содан соң
кірді төменгі температурада жууға болады.
● Жуғыш затты судың кермектігі, кірдің ауқымы жəне жуылатын кірдің
мөлшеріне қарай өлшеп алыңыз.
132XXXXXX_KK:132XXXXXX_PIC.qxd 25/09/2008 14.47 Pagina 47










