User manual
7
● Кір жуғыш машинаңызды қыл өткізілген киім-кешек, жиегі көмкерілмеген не
материалы жыртық заттарды жуу үшін пайдаланбаңыз.
● Пайдаланып, тазалап не машинаға күтім көрсетіп болған соң оны əрқашан
электр желісінен ағытып, судың берілуін тоқтатып қойыңыз.
● Бұл құрылғы барабанды жарықтандыратын ақ шаммен жабдықталған. Ол 1
санатына, IEC 60825-1:1993 + A1:1997 + A2:2001 стандартына сай келеді.
Құрылғы барабанының шамын ауыстыру қажет болса, оны міндетті түрде
қызмет көрсету орталығы жүзеге асыруға тиіс.
● Машинаны ешбір жағдайда өзіңіз жөндеуге əрекет жасамаңыз. Тəжірибесіз
адам жүргізген жөндеу жұмыстары адамды жарақаттап не машинаны елеулі
ақаулыққа ұшыратуы мүмкін. Жергілікті қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз. Əрқашан тек фирмалық бөлшектерді ғана пайдалануды
талап етіңіз.
Орнату
● Бұл құрылғы тек тұрмыста ғана пайдалануға арналған. Бұны басқа мақсатта
пайдалануға болмайды.
● Құрылғы орауышын ашқанда, оның еш жеріне нұқсан келмегенін тексеріп
алыңыз. Егер күмəндансаңыз, оны пайдаланбай тұрып қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
● Пайдаланбас бұрын барлық орауыштары мен тасымалдау үшін
қолданылған құралдарын алуыңыз қажет. Бұл шара орындалмаған
жағдайда өнім мен басқа да меншігіңізге елеулі нұқсан келеді. Осы
пайдаланушы нұсқаулығындағы тиісті тарауды қараңыз.
● Құрылғыны орнатып болған соң, оның өз электр қорегінің сымын, су құятын
жəне суды сарқитын түтікшелерін басып не қысып тұрмағанын тексеріп
алыңыз.
● Егер машина кілем төселген еденге қойылса, ауа еркін айналу үшін оның
сирақтарын бұрап лайықтап қойыңыз.
● Машинаны орнатқаннан кейін оның түтіктері мен оларды жалғастырған
жерлерден еш су ақпай тұрғандығын əрқашан тексеріп отырыңыз.
● Егер құрылғы мұздап қалатын жерге орналастырылса,“мұздап қалудан
туындайтын зиян” тарауын оқыңыз.
● Осы құрылғыны орнату барысында жүзеге асырылуға тиіс таза жəне кір су
құбырларына байланысты жұмыстардың барлығын кəсіпқой сантехник не
білікті адам орындауға тиіс.
● Осы құрылғыны орнату барысында жүзеге асырылуға тиіс электр саласына
қатысты жұмыстардың барлығын кəсіпқой электрші не білікті адам
орындауға тиіс.
Пайдалану
● Бұл құрылғы тек тұрмыста ғана пайдалануға арналған. Бұны басқа мақсатта
пайдалануға болмайды.
● Тек ғана машинада жууға болатын матадан жасалған заттарды ғана
жуыңыз. Əр киімнің затбелгісіндегі нұсқауларды орындаңыз.
Қауіпсіздікке қатысты ақпарат
132XXXXXX_KK:132XXXXXX_PIC.qxd 25/09/2008 14.46 Pagina 7










