User manual

Құрылғыға шамадан тыс жүк салмаңыз. Осы пайдаланушы
нұсқаулығындағы тиісті тарауды қараңыз.
Кір жууды бастамас бұрын барлық қалталардың бос екендігін тексеріп,
түймелер мен тартпалардың салынып тұрғандығын тексеріңіз. Тозығы
жеткен не жыртық заттарды жуудан сақ болыңыз жəне сыр, сия, тот, шөп
нілінен қалған дақтарды алдын ала кетіріңіз. Сым өткізілген төс
тартқыштарды машинада жууға БОЛМАЙДЫ.
Буланғыш мұнай өнімдеріне тиген киім-кешектерді кір жуғыш машинада
жууға болмайды. Егер буланатын тазалағыш сұйықтар пайдаланылса, киімді
машинаға салмас бұрын сұйықты кетіру шарасы жүзеге асырылуға тиіс.
Ашаны розеткадан қорек сымынан тартып ағытпаңыз; əрқашан ашаның
өзінен ұстап тартыңыз.
Қорек сымы, басқару панелі, жұмыс алаңы не түбіне нұқсан келіп, кір жуғыш
машинаның іші қол жетерліктей ашық қалса, оны ешқашан пайдаланбаңыз.
Бала қауіпсіздігі
Бұл құрылғыны физиологиялық, сезімдік не болмаса ақыл-ой деңгейіне
байланысты не пеш жұмысына қатысты тəжірибесі мен білімінің аздығына
байланысты пайдалана алмайтын адамдар (балаларды қоса алғанда),
пешті пайдалану туралы ерекше нұсқауларды алмайынша не олардың
қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адамның қадағалауынсыз пайдаланбауға
тиіс.
Бұл кір жуғыш машина жас балалар мен əлсіз адамдар басқаның
қарауынсыз пайдалануға арналмаған.
Жас балалар құрылғымен ойнамас үшін оларды қадағалап отыру қажет.
Орауыш материалдар(мысалы, пластик таспа, полистирол)балалар үшін
қауіпті болуы мүмкін - тұншығып қалу қаупі бар! Оларды балалардан
барынша алыс ұстаңыз.
Барлық жуғыш заттарды балалардың қолы жетпейтін сенімді жерге
сақтаңыз.
Балалар мен үй жануарларының барабанға кіруіне жол бермеңіз. Машина
балалар мен үй жануарлары барабанның ішіне кіріп қамалып қалмас үшін
арнайы функциямен жабдықталған. Бұл құралды қосу үшін есіктің ішкі
жағындағы түймешікті(баспай тұрып),
таңбаламасы көлденең қалыпқа
келгенше сағат бағыты бойынша
бұраңыз. Қажет болса тиынды
пайдаланыңыз. Бұл құралды
ажыратып есікті қайтадан
жабылатындай қалыпқа келтіру үшін,
түймешікті сағат бағытына қарсы
бұрап, таңбаламасын тік қалыпқа
əкеліп қойыңыз.
8
Қауіпсіздікке қатысты ақпарат
132XXXXXX_KK:132XXXXXX_PIC.qxd 25/09/2008 14.46 Pagina 8