User manual
Кірдің барабаннан шығып, тығыздағыш пен
есіктің арасына қыстырылып қалмағанына
көз жеткізіңіз. Су ағуы немесе кірге нұқсан
келуі мүмкін.
ЖУҒЫШ ЗАТ ПЕН ҮСТЕМЕЛЕРДІ ҚОЛДАНУ
Алдын ала жуу циклі мен жібіту бағдарламасына арналған жуғыш зат
салынатын бөлік.
Алдын ала жуу және жібіту циклдарына арналған жуғыш затты
бағдарламаны бастамай тұрып салыңыз.
Жуу цикліне арналған жуғыш зат салынатын бөлік.
Сұйық жуғыш затты қолдансаңыз, оны бағдарламаны бастаудың сәл
алдында ғана салыңыз.
Сұйық үстемелерге (мата жұмсартқыш, крахмал) арналған бөлік.
Жуғыш құралды бағдарламаны бастамай тұрып бөлікке салыңыз.
Бұл сұйық үстемелердің ең жоғары деңгейін көрсетеді.
Дақ кетіргішке арналған бөлік.
Бұл затты бағдарламаны бастамай тұрып бөлікке салыңыз да, дақ
функциясын орнатыңыз.
Ұнтақ немесе сұйық жуғыш затқа арналған бөлгіш
Ұнтақ немесе сұйық жуғыш затты қолдану үшін оны дұрыс орынға
(жоғары немесе төмен) бұраңыз.
Жуғыш заттардың орамында көрсетілетін нұсқауларды әрқашан орындаңыз.
ҚАЗАҚ
19










