User manual

OFF функциясы құрылғыны автоматты
түрде сөндіреді.
Құрылғыны қайта іске қосқанда,
бейнебетте соңғы орнатылған
бағдарламаның аяқталуы
көрсетіледі. Жаңа циклді орнату
үшін бағдарлама тетігін бұраңыз.
7. Құрылғыдан кірді алыңыз. Барабанның
бос екеніне көз жеткізіңіз.
8. Зең және иіс пайда болмас үшін есікті
сәл ашып қойыңыз.
9. Судың шүмегін жабыңыз.
Жуу бағдарламасы аяқталды, бірақ
барабанда су тұр:
Кір мыжылып қалмас үшін барабан
мезгіл-мезгіл айналып тұрады.
Есік құлыпталып тұр.
Есікті ашу үшін суды төгу керек.
Суды төгу үшін:
1. Қажет болса, айналдыру
жылдамдығын азайтыңыз.
2.
6
түймешігін басыңыз. Құрылғы суды
төгеді де, айналдыру кезеңін
орындайды.
3. Бағдарлама аяқталып, есік құлпының
белгісі көрінбей кеткенде есікті
ашуыңызға болады.
4.
Құрылғыны сөндіру үшін
1
түймешігін
басыңыз.
Құрылғы шамамен 18 сағаттан
кейін суды автоматты түрде төгеді
және айналдырады.
ҚАЗАҚ
23