User manual
КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
Назарыңызда болсын!
Құрылғыны тазалар алдында тоқтан
ажыратыңыз.
ҚАҚТЫ ТАЗАЛАУ
Біз қолданатын судың құрамында әк
болады. Қажет болса, әкті тазалау үшін су
жұмсартқышты қолданыңыз.
Кір жуғыш машиналарға арналған арнайы
құралдарды қолданыңыз. Қолданылатын
құралдардың орамында көрсетілетін
өндіруші нұсқауларын орындаңыз.
Бұны кір жумай тұрғанда орындаңыз.
СЫРТЫН ТАЗАЛАУ
Құрылғыны сабын мен жылы суды ғана
қолданып тазалаңыз. Барлық беттерін
әбден құрғатыңыз.
Сақтандыру туралы ескерту!
Спирт, еріткіш немесе химиялық
заттарды қолданбаңыз.
ТАЗАЛАП ЖУУ
Төмен температура бағдарламаларын
қолданғанда барабанда шамалы жуғыш зат
қалып қоюы мүмкін. Құрылғыға күтім
көрсету үшін уақытылы жуыңыз. Ол үшін:
• Барабаннан кірді алыңыз.
• Мақта матаны ең ыстық сумен жуатын
бағдарламаны таңдаңыз
• Биологиялық қасиеті бар ұнтақ жуғыш
затты тиісті мөлшерде пайдаланыңыз.
Жуып болған сайын зең пайда болмас үшін
және жағымсыз иісті шығару үшін есікті
шамалы уақыт ашыңқырап қойыңыз.
ЕСІК ТЫҒЫЗДАҒЫШЫ
Тығыздағышты мезгіл-мезгіл тексеріп,
ішіндегі заттардың барлығын алыңыз.
БАРАБАН
Барабанның ішін мезгіл-мезгіл тексеріп, әк
және тот бөлшектерінің жоқ екеніне көз
жеткізіңіз.
Барабандағы тот қалдықтарын тазалау
үшін арнайы бұйымдарды ғана
қолданыңыз.
Ол үшін:
• Барабанды тот баспайтын темірге
арналған арнайы өніммен тазалаңыз.
• Мақта матаға арналған қысқа
бағдарламаны, аз ғана жуғыш зат салып,
ең жоғары температураға қойып
бастаңыз.
26










