User manual
14. Тесіктерді пластик тығындармен
бітеңіз. Бұл тығындарды пайдаланушы
нұсқаулығы салынған қалтадан таба
аласыз.
Назарыңызда болсын!
Құрылғыны орнатар алдында,
барлық орам материалдары мен
тасымал тетіктерін алыңыз.
Құрылғыны кейін көшіру кезінде
қолдану үшін барлық орам
материалдары мен тасымал
тетіктерін сақтап қоюды ұсынамыз.
ОРНАЛАСТЫРУ ЖӘНЕ ДЕҢГЕЙЛЕУ
x4
• Құрылғыны тегіс, қатты еденге
орнатыңыз.
• Кілемнің құрылғының астындағы ауа
айналымына кедергі келтірмейтініне көз
жеткізіңіз.
• Құрылғының қабырғаға немесе басқа
құрылғыларына тиіп тұрмағанын
тексеріңіз
• Деңгейін реттеу үшін тіректерін
босатыңыз немесе қатайтыңыз.
Құрылғының деңгейін дұрыс реттеп
орнатсаңыз, діріл, шуыл болмайды және
құрылғы жұмыс істеп тұрғанда орнынан
жылжымайды.
• Құрылғының деңгейін реттеп, орнықты
етіп орнату керек.
Сақтандыру туралы ескерту!
Құрылғының деңгейін реттеу үшін
оның тіректерінің астына картон,
ағаш немесе сол сияқты заттарды
қоймаңыз.
ҚАЗАҚ
37










