User manual

Назарыңызда болсын!
Шамның жарығына тура
қарамаңыз.
Ішкі шамын ауыстыру үшін қызмет
көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Ішкі шамын ауыстырар алдында
құрылғының қуат ашасын
розеткадан суырыңыз.
ОРНАТУ
Құрылғының салмағы ауыр, жылжытқан
кезде абай болыңыз.
Құрылғыны тасымал тетіктерін салмай
тасымалдамаңыз, ішкі құралас
элементтеріне зақым келіп, су ағуы
немесе ақаулық пайда болуы мүмкін.
Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз және
іске қоспаңыз.
Барлық орам материалдарының және
тасымал тетіктерінің алынғанына көз
жеткізіңіз.
Құрылғыны орнату барысында оның
ашасының розеткадан ағытылғанына көз
жеткізіңіз.
Электр желісіне қосу, құбыр жүйесіне,
құрылғыны орнатуға қатысты
жұмыстарды тек білікті маман іске
асыруға тиіс. Бұл құрылғының
құрылымына немесе адамға зақым
келмес үшін қажет.
Құрылғыны температурасы 0 °C
градустан төмен жерге орнатпаңыз
немесе қолданбаңыз.
Құрылғыны кілем төселген жерге
орнатқан кезде, құрылғы мен кілемнің
арасында ауа айналатынына көз
жеткізіңіз. Құрылғы мен кілемнің
арасында тиісті орын болуын
қамтамасыз ету үшін өзгермелі
тіректерін реттеңіз.
Суға қосу
Құрылғыны қолданыста болған ескі
түтіктерді қолданып қоспаңыз. Жаңа
түтіктерді ғана қолданыңыз.
Су қосылымы түтіктеріне ешбір зақым
келтірмеңіз.
Құрылғыны жаңа құбыр жүйелеріне
немесе ұзақ уақыт қолданыста болмаған
құбырларға қоспаңыз. Суды бірнеше
минут ағызғаннан кейін су құятын түтікті
жалғаңыз.
Құрылғыны алғаш рет іске қосқанда, су
қосылымы түтіктерінен және
жалғастырғыштарынан су ақпай
тұрғанына көз жеткізіңіз.
Электртоғына қосу
Құрылғының жерге қосулы тұрғанына көз
жеткізіңіз.
Техникалық ақпарат тақтайшасындағы
электр параметрлерінің электр
желісіндегі параметрлерге сай келетініне
көз жеткізіңіз.
Әрқашан дұрыс орнатылған, қатерден
сақтандырылған розетканы қолданыңыз.
Көп тармақты аша мен ұзартқыш сымды
қолданбаңыз. Өрт шығу қаупі бар.
Қорек сымын ауыстырмаңыз немесе
өзгертпеңіз. Қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Құрылғының ашасы мен сымына ешбір
зақым келтірмеңіз.
Құрылғының ашасын розеткаға тек
құрылғыны орнатып болғаннан кейін
ғана жалғаңыз. Орнатып болғаннан кейін
ашаның қол жететін жерде тұрғанына көз
жеткізіңіз.
Құрылғыны ажырату үшін қуат сымынан
тартпаңыз. Әрқашан ашасынан тартып
суырыңыз.
ҚҰРЫЛҒЫНЫ ТАСТАУ
1. Ашаны розеткадан ағытыңыз.
2. Қуат сымын кесіп алыңыз да, қоқысқа
тастаңыз.
3. Есіктің бекітпесін ағытып алыңыз. Бұл
балалар мен үй жануарлары
құрылғыға кіріп қамалып қалмас үшін
қажет. Тұншығып қалу қаупі бар (кір
алдынан салынатын құрылғыларда
ғана).
ҚАЗАҚ
5