User manual
параметрлерге қойып кем дегенде 2
сағат қосып алыңыз.
Сақталатын тағамның мөлшері көп
болса, құрылғының ішіндегі
суырмалар мен себеттердің барлығын
алыңыз да, тоңазыту барысында
жақсы нәтижеге жету үшін
салқындатқыш сөрелердің үстіне
қойыңыз.
Назарыңызда болсын!
Қойылатын тағам мөлшерінің
үстіңгі бөлік(бар болса)үшін
көрсетілген салмақ шегінен
асып кетпеуін қадағалаңыз.
Мысалы, электр қуаты өшіп
қалып құрылғы мұзы кездейсоқ
жібіп кетсе және электр қуаты
техникалық сипаттамалар
кестесінің "температураның
жоғарлау уақыты" бөлімінде
көрсетілген шамадан да ұзақ
уақыт жоқ болса, тағамды
дереу тауысу не пісіріп барып
қайта тоңазыту
керек(салқындатқан соң).
3.4 Жібіту
Мұздатылған не тоңазытылған
тағамды қажетке жаратпас бұрын, осы
жұмысқа арналған уақыттың
шамасына қарай отырып, оны
тоңазытқыш ішінде не бөлме
температурасында жылытуға болады.
Тағамның кіші кесектерін
тоңазытқыштан алған бетте мұздаған
қалпы пісіре беруге болады. бұндай
жағдайда пісіру уақыты ұзағырақ
болады.
3.5 Мұз текшелерін жасау
Бұл құрылғыда мүз текшелерін
жасауға арналған бір не одан да көп
науалар бар. Осы науаларға су
толтырыңыз да, содан соң оларды
мұздатқыш камераға салыңыз.
Науаларды камерадан алу
үшін металл аспаптарды
пайдаланбаңыз.
3.6 Температура индикаторы
Бұл құрылғы Францияда
сатылады.
Осы елде қолданылатын
ережелерге сәйкес бұл
құрылғы тоңазытқыштың ең
суық зонасын көрсетіп тұру
үшін оның астыңғы бөлігінде
орналастырылған арнайы
құралмен (суретті қараңыз)
жабдықталуға тиіс.
3.7 Жылжымалы сөрелер
Тоңазытқыштың қабырғасында
сөрелерді қалауыңызша
орналастыруға арналған бірнеше
бағыттауыш бар.
ҚАЗАҚ 7










