User manual

3. КЕРЕК-ЖАРАҚТАР
3.1 Орнату жинағы
Керек-жарақтың атауы: SKP11, STA8,
STA9
Уәкілетті дилерден алуға болады.
Орнату жинағын ілеспе парақшада
көрсетілген кір жуғыш машиналарда
ғана қолдануға болады. Ілеспе
парақшаны қараңыз.
Керек-жарақтармен бірге берілген
нұсқаулықты мұқият оқыңыз.
3.2 Су ағызу жинағы
Керек-жарақтың атауы: DK11.
Уәкілетті дилерден (кейбір кір
кептіргіш машиналарға орнатуға
болады) алуға болады
Конденсат суды легенге, сифонға, су
ағызу жүйесіне т.с.с. ағызуға арналған
керек-жарақ. Орнатып болғаннан кейін
су сауыты автоматты түрде босайды.
Су сауыты құрылғыда тұруға тиіс.
Орнатылған түтік еденнен кем
дегенде 50 см, ең көбі 1 м биіктікте
тұруға тиіс. Түтікті ілмектеп қоюға
болмайды. Қажет болса түтіктің
ұзындығын қысқарту керек.
Керек-жарақтармен бірге берілген
нұсқаулықты мұқият оқыңыз.
3.3 Тартпасы бар таған
Керек-жарақтың атауы: PDSTP10.
Бұны уәкілетті дилерден алуға
болады.
Кірді оңай салу және алу үшін
құрылғыны биігірек етіп орнатуға
арналған жабдық.
Тартпаны кір сақтау үшін, мысалы:
сүлгі, тазалағыш құралдар т.с.с. салу
үшін қолдануға болады.
Керек-жарақтармен бірге берілген
нұсқаулықты зейін қойып оқыңыз.
3.4 Кір кептіргіш
Керек-жарақтың атауы: RA5, RA6,
RA11, RA12
Бұны уәкілетті дилерден (кейбір кір
кептіргіш машиналарға орнатуға
болады) алуға болады. Керек-
жарақтың құрылғыға сай келетін-
келмейтінін сатушыға хабарласып
немесе веб-сайт арқылы тексеріңіз.
28
www.aeg.com