User manual

11. ТҰМШАПЕШ - КҮТІП ҰСТАУ ЖӘНЕ ТАЗАЛАУ
Назарыңызда болсын!
"Қауіпсіздік туралы
мағлұматтар" тарауын
қараңыз.
Құрылғының алдыңғы жағын жуғыш
сұйық қосылған жылы суға
батырылған жұмсақ шүберекпен
тазалаңыз.
Металл беттерді әдетте
қолданылатын жуғыш заттармен
тазалаңыз
Тұмшапештің ішін әр пайдаланып
болған сайын тазалап отырыңыз.
Осылайша ластықты оңай
тазалайсыз, әрі күйіп кетуіне жол
бермейсіз.
Оңай тазаланбайтын қалдықтарды
арнайы пеш тазалағыштармен
тазалаңыз.
Тұмшапештің керек-жарақтарын әр
қолданып болған сайын тазалап,
құрғатып отырыңыз. Шүберекті,
жылы су мен жуғыш затты
пайдаланыңыз.
Тұмшапештің керек-жарағына
ластық тұрмайтын болса, жеміргіш
затпен, өткір қырлы құралмен
тазаламаңыз немесе ыдыс жуғыш
машинада жумаңыз. Бұл оның
ластық тұрмайтын қаптамасын
бүлдіреді.
Тот баспайтын болаттан не
алюминийден жасалған
құрылғылар
Тұмшапештің есігін дымқыл
жөкемен ғана тазалаңыз.
Жұмсақ шүберекпен
құрғатыңыз.
Темір жүн, қышқыл немесе
түрпілі материалдарды
қолданбаңыз, себебі бұндай
заттар тұмшапештің бетіне
нұқсан келтіруі мүмкін.
Тұмшапештің басқару панелін
де осы сақтық шараларын
орындап тазалаңыз.
11.1 Сөре сырғытпалары
Қабырғаларды тазалау үшін сырғытпа
жолдарды алып қоюға болады.
Сөре сырғытпаларын алу
1.
Сөре сырғытпасының алдыңғы
жағын қабырғадан тартып
шығарыңыз.
2
1
2.
Сырғытпа жолдардың артқы
жақтарын қабырғадан ағытып
алыңыз.
ҚАЗАҚ 61