User manual

Сөре сырғытпаларын салу
Сөре сырғытпаларын көрсетілген
әрекеттерді кері ретпен орындап
салыңыз.
Жарамды сөре сырғытпалары:
Сырғытпа сөрелеріндегі
білікшелер алға қарап тұруға
тиіс!
Сақтандыру туралы ескерту!
Ұзынырақ бекіткіш сымды
алдыңғы жағына келтіріп
салыңыз. Екі сымның ұштары
артқа қарап тұруға тиіс. Дұрыс
орнатпаған жағдайда эмальға
зақым келуі мүмкін.
11.2 Тұмшапештің шамы
Назарыңызда болсын!
Тұмшапештің шамын
ауыстырар кезде абай
болыңыз. Электр тоғы соғу
қаупі бар.
Тұмшапештің шамын ауыстырар
алдында:
Тұмшапешті сөндіріңіз.
Сақтандырғыш қорабындағы
сақтандырғыштарды алыңыз
немесе айырып-қосқышты
ажыратыңыз.
Тұмшапештің шамы мен шыны
қақпағын қорғау үшін
тұмшапештің табанына
шүберек төсеңіз.
Пештің шамын ауыстыру
1.
Шамның қақпағын пештің арт
жағынан таба аласыз.
Шамның қақпағын алу үшін сағат
бағытына қарсы бұраңыз.
2.
Шыны қақпақты тазалаңыз.
3.
Тұмшапеш шамын 300°C қызуға
төзімді тұмшапеш шамына
ауыстырыңыз.
Тұмшапештің шамындай
шамды қолданыңыз.
4.
Шыны қақпақты орнатыңыз.
11.3 Тұмшапештің есігін
тазалау
Тазалау жұмысын жеңілдету үшін
есікті алыңыз.
Назарыңызда болсын!
Шыны есікті тазаламас бұрын,
шыны панельдердің салқын
болуын тексеріңіз. Шыны
панель сынып қалуы мүмкін.
Назарыңызда болсын!
Есіктің шыны қабаттары
зақымданса немесе оларға
сызат түссе, осал болуы және
сынып кетуі мүмкін. Бұндай
жағдайдың алдын алу үшін
оларды ауыстыру қажет.
Қосымша нұсқауларды
жергілікті қызмет көрсету
орталығына хабарласып
алыңыз.
Есікті алу:
1
2
1.
Есікті шегіне дейін ашыңыз.
2.
Сырғыманы сырт еткен дыбыс
шыққанша жылжытыңыз.
3.
Есікті сырғыма бекітілгенше
жабыңыз.
4.
Есікті алыңыз.
Есікті алу үшін алдымен бір
жағынан сыртқа қарай тартып,
содан кейін екінші жағын
тартыңыз.
Тазалап болғаннан кейін есікті алу
әрекетін керісінше орындап орнына
62
www.aeg.com