User manual

дақтары, май дақтары,
металдың жылтыраған дақтары.
Шыны керамикаға немесе
тоттанбайтын болатқа арналған
арнайы тазартқыш құралдарды
қолданыңыз.
2.
Құрылғыны дымқыл шүберекпен,
шамалы жуғыш зат қосып
тазалаңыз.
3.
Соңында құрылғыны таза
шүберекпен әбден құрғатыңыз.
8. ТҰМШАПЕШ- КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ
Назарыңызда болсын!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
8.1 Желдеткіш
Құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде,
құрылғының беттерін салқын ұстау
үшін желдеткіш автоматты түрде
қосылады. Құрылғыны сөндірсеңіз,
желдеткіш құрылғының ішіндегі
температура салқындағанша жұмыс
істеп тұра береді.
8.2 Құрылғыны іске қосу және
сөндіру
1.
Тұмшапеш функциясын таңдау
үшін тұмшапеш функцияларының
тетігін бұраңыз.
2.
Температураны таңдау үшін
температура тетігін бұраңыз.
Температура индикаторы
құрылғының ішіндегі температура
жоғарылаған кезде жанады.
3.
Құрылғыны сөндіру үшін
тұмшапеш функцияларының
тетігін және температура тетігін
"Off" (сөндірулі) қалпына қойыңыз.
8.3 Тұмшапеш функциялары
Тұмшапеш
функциясы
Қолданылуы
Сөндіру
қалпы
Құрылғы сөндірулі.
Ыстық
желмен пісіру
Пісіру температуралары бірдей тағамды бірнеше
сөреге қойып, иістерін сіңірмей қуыру немесе
қуырып-пісіруге арналған. Тұмшапештің
температурасын дәстүрлі жолмен пісіру
температурасынан 20-40 °C төменірек қойыңыз.
Дәстүрлі
пісіру
Тұмшапештің бір деңгейінде пісіру әне қуыру үшін.
Үстіңгі және астыңғы қыздыру элементтері бір
уақытта іске қосылады.
Пицца
параметрі
Пицца, киш немесе бәліш пісіруге арналған.
Тұмшапештің температурасын дәстүрлі жолмен
пісіру температурасынан 20-40 °C төменірек
қойыңыз.
12
www.aeg.com