User manual
• Өртті ешқашан сумен сөндіруге әрекет жасамаңыз,
бұндай жағдайда құрылғыны сөндіріп, содан кейін
жалынды қақпақ немесе өрт басқыш көрпе тәрізді
затпен жабыңыз.
• Пісіру алаңына зат сақтамаңыз.
• Құрылғыны бумен тазалау құралын пайдаланып
тазаламаңыз.
• Пышақ, шанышқы, қасық және қақпақ тәрізді темір
заттарды пештің үстіне қоймаңыз, себебі ысып
кетеді.
• Егер шыны керамика бетке сызат түссе / шыны
сынса, электр қатері пайда болмас үшін құрылғыны
сөндіріңіз.
• Жұмыс істеп тұрған құрылғының ішкі жағы ысып
кетеді. Құрылғының ішіндегі қыздырғыш
элементтерге қол тигізбеңіз. Керек-жарақтарды
немесе ыдыстарды алып-салған кезде үнемі қолғап
киіңіз.
• Күтім көрсетер алдында электр желісінен
ажыратыңыз.
• Электр қатеріне ұшырамау үшін шамды ауыстырар
алдында құрылғыны сөндіріп қойыңыз.
• Шыны есікті тазалау үшін қатты жеміргіш заттарды
немесе өткір темір құралдарды пайдаланбаңыз,
себебі сызат түсіп, шыны шытынап кетуі мүмкін.
• Егер қуат cымына зақым келсе, қатерден сақтану
үшін оны өндіруші немесе уәкілетті қызмет көрсету
орталығы немесе сол сияқты білікті маман
ауыстыруға тиіс.
• Сақтау тартпасын ұстаған кезде абай болыңыз.
Ысып тұрады.
• Сөре сырғытпаларын алу үшін әуелі сөре
сырғытпасының алдыңғы жағын, содан кейін артқы
жағын бүйірлік қабырғадан тартыңыз. Сөре
сырғытпаларын кері реттілікпен салыңыз.
• Сөндіруге арналған құралдарды электр сымдарын
тарту ережелеріне сай, тұрақты орнатылған сымға
орнату керек.
www.aeg.com4