User manual

Құрылғының артындағы конденсатор (қара гриль) мен компрессорды шөтке не
шаңсорғышпен тазалаңыз. Бұлай істеу құрылғы жұмысын жақсартып, электр шығынын
азайтады.
Салқындатқыш жүйеге еш нұқсан келтірмеуге тырысыңыз.
Ас үй құрылғыларының бетін тазалауға арналған көпшілік заттардың құрамында осы
құрылғы үшін пайдаланылған пластиктерге зиянды əсер ететін химикаттар бар.
Сондықтан да осы құрылғы корпусының сыртын, тек аздаған жуғыш зат салынған
жылы сумен тазалау ұсынылады.
Тазалап болған соң құрылғыны электр желісіне қайта қосыңыз.
Тоңазытқыш қырауын еріту
Осы үлгідегі мұздатқыш камера, екінші жағынан алғанда "еш қырау тұрмайтын" түрге
жатады. Бұл құрылғы пайдаланылып тұрғанда құрылғының ішкі қабырғаларына да,
тағамдырдың үстіне де еш қырау тұрмайды дегенді білдіреді.
Қыраудың болмауы автоматты түрде басқарылатын желдеткіштің көмегімен құрылғы
ішінде үздіксіз айналыстағы суық ауаның болуына байланысты.
Ұзақ уақыт бойы пайдаланбау
Құрылғы ұзақ уақыт бойы пайдаланылмайтын жағдайда мына сақтық шараларын
орындаңыз:
құрылғыны электр желісінен ажыратыңыз
барлық тағамдарды шығарыңыз
егер қажет болса
10)
құрылғы мен оның керек-жарақтарын тазалаңыз
жағымсыз иіс пайда болмас үшін есік/есіктерді ашық қалдырыңыз.
Егер құрылғы пайдаланылып тұратын болса, электр қуаты өшіп қалған жағдайда
ішіндегі тағам бұзылып кетпес үшін басқа бір адамның арасында бір рет бақылап
қойып отыруын сұраңыз.
НЕ ІСТЕРСІҢІЗ, ЕГЕР...
Назарыңызда болсын!
Ақаулықты анықтамас бұрын ашаны розеткадан суырыңыз.
Осы нұсқаулықта көрсетілмеген ақаулықты тек электрші маман немесе білікті адам
ғана анықтауға тиіс.
Ақаулық Ықтимал себебі Шешімі
Құрылғы жұмыс істемей
тұр.
Құрылғы сөндірулі. Құрылғыны қосыңыз.
Қуат ашасы розеткаға дұрыс
сұғылмаған.
Ашаны розеткаға дұрыстап
сұғыңыз.
10) Жібітіңіз.
30
Не істерсіңіз, егер...