User manual

температурасы орнатылған
температураға жеткенде құрылғы
сөнеді.
Екі түрлі температураны орнату керек:
тұмшапештің температурасы (ең аз
120 °C),
тағамның ішкі температурасы.
АБАЙЛАҢЫЗ
Жинақпен бірге жеткізілген
тағам сенсорын және
тұпнұсқа қосалқы
бөлшектерді ғана
қолданыңыз.
Жақсы нәтиже алуға көмектесетін
нұсқаулар:
Тағам қоспалары бөлме
температурасында болуы керек.
Тағам сенсорын сұйық тағамдар
үшін қолдану мүмкін емес.
Пісіру барысында тағам сенсоры
тағамның ішінде, ашасы розеткада
тұруы керек.
Ұсынылып отырған тағамның ішкі
температурасының параметрлерін
қолданыңыз. "Ақыл-кеңестер және
ұсыныстар" тарауын қараңыз.
Құрылғы болжамды пісіру
уақытын есептейді. Ол
тағамның мөлшеріне,
тұмшапештің орнатылған
функциясы мен
температурасына
байланысты.
Тағам санаттары: ет, құс
және балық
1. Құрылғыны іске қосыңыз.
2. Тағам сенсорының ұшын еттің
немесе балықтың ортасына,
барынша қалың тұсына сұғыңыз.
Тағам сенсорының кемінде 3/4
бөлігінің тағамның ішіне кіріп
тұруын қамтамасыз етіңіз.
3. Тағам сенсорының ашасын,
құрылғының алдыңғы жағында
орналасқан розеткаға сұғыңыз.
Бейнебетте тағам сенсорының белгісі
пайда болады.
4. Тағамның ішкі температурасын
орнату үшін не түймешігін 5
секундтан азырақ басыңыз.
5. Қыздыру функциясын және қажет
болса, тұмшапеш температурасын
орнатыңыз.
6. Тағамның ішкі температурасын
өзгерту үшін түймешігін
басыңыз.
Тағам орнатылған ішкі температураға
жеткенде, дыбыстық сигнал беріледі.
Құрылғы автоматты түрде сөнеді.
7. Сигналды тоқтату үшін кез келген
белгіні түртіңіз.
8. Тағам сенсорының ашасын
розеткадан суырып, тағамды
құрылғыдан алыңыз.
ЕСКЕРТУ!
Тағам сенсоры ысып
кететіндіктен, күйіп қалу
қаупі бар. Оны розеткадан
ағытқанда, тағамнан алған
кезде абай болыңыз.
Тағам санаты: бұқтырылған
1. Құрылғыны іске қосыңыз.
ҚАЗАҚ 17