User manual

үстіңгі жағынан ұстап, бір-бірден
жоғары тартып шығарыңыз.
9. Шыны панельді сабын сумен
жуыңыз. Шыны панельді жақсылап
құрғатыңыз.
Тазалап болғаннан кейін жоғарыда
айтылған қадамдарды керісінше
орындаңыз. Алдымен кішірек панельді,
содан кейін үлкенірек панельді
орнатыңыз.
ЕСКЕРТУ!
Әйнектердің бірдей
орналасқанына көз
жеткізіңіз, әйтпесе есіктің
беткі жағы қатты қызып
кетеді.
12.6 Шамды ауыстыру
ЕСКЕРТУ!
Электр қатері бар.
Шам ыстық болуы мүмкін.
1. Пешті сөндіріңіз.
Пеш салқындағанша күтіңіз.
2. Пешті розеткадан ағытыңыз.
3. Пештің табанына шүберек төсеңіз.
Үстіңгі шам
1. Шамды алу үшін шыны қақпағын
бұраңыз.
2. Шыны қақпағын тазалаңыз.
3. Шамды 300 °C градус қызуға
төзімді, сәйкес келетін шамға
ауыстырыңыз.
4. Шыны қақпағын орнатыңыз.
Бүйірлік шам
1. Шамға қол жеткізу үшін сол жақ
сөренің тірегін алыңыз.
2. Шыны қақпақты алу үшін жіңішке,
ұшы доға затты (мысалы, шай
қасық) қолданыңыз.
3. Шыны қақпақты тазалаңыз.
4. Шамды қызуға төзімділігі 300 °C
шамға ауыстырыңыз.
5. Шыны қақпақты орнатыңыз.
6. Сөренің сол жақ сырғытпасын
салыңыз.
13. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
www.aeg.com42