User manual

Қалдық қызу
Ұзақтық немесе Аяқтау уақытын
таңдау функциясы қосылған
бағдарлама қосылып тұрса және пісіру
уақыты 30 минуттан ұзақ болса,
қыздыру элементтері кейбір пеш
функцияларында автоматты түрде
ертерек сөнеді.
Желдеткіш пен шам жұмыс істеуін
жалғастыра береді. Пешті сөндіргенде,
бейнебетте қалдық қызу көрсетіледі.
Қызуды тағамды жылы ұстау үшін
қолдануыңызға болады.
Пісіру уақыты 30 минуттан ұзақ болса,
пештің температурасын пісіру
аяқталғанға дейін 3 - 10 минутқа ерте
азайтыңыз. Пеш ішіндегі қалдық жылу
пісіруді жалғастырады.
Басқа тағамдарды жылыту үшін
қалдық қызуды пайдаланыңыз.
Тағамды жылы ұстау
Қалдық қызуды таңдап, тағамды жылы
ұстау үшін ең төменгі ықтимал
температураны таңдаңыз. Дисплейде
қалдық қызу индикаторы немесе
температура пайда болады.
Шамды сөндіріп пісіру
Шамды тағам пісіру барысында
сөндіріңіз. Қажет кезде қосыңыз.
Ылғалды желдеткішпен пісіру
Тағам пісіру барысында қуатты
үнемдеуге арналған функция.
Осы функцияны пайдаланғанда шам
30 секундтан кейін автоматты түрде
сөнеді. Шамды қайта қосуға болады,
бірақ бұл әрекет қуатты күтілген
мөлшерде үнемдемейді.
16. ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ҚАТЫСТЫ ЖАҒДАЙЛАР
Белгі салынған материалдарды
қайта өңдеуден өткізуге тапсырыңыз.
Орам материалдарын қайта өңдеуден
өткізу үшін тиісті контейнерлерге
салыңыз. Электрлік және
электроникалық құрылғылардың
қалдығын қайта өңдеуден өткізу
арқылы, қоршаған ортаға және
адамның денсаулығына зиын
келтіретін жағдайларға жол бермеуге
өз үлесіңізді қосыңыз. Белгі
салынған құрылғыларды тұрмыстық
қалдықтармен бірге тастамаңыз.
Өнімді жергілікті қайта өңдеу
орталығына өткізіңіз немесе жергілікті
мекемеге хабарласыңыз.
Осы өнімнің өндірілген күні сериялық нөмірде көрсетілген,
оның нөмірінің бірінші саны өндірілген жылдың соңғы
санына, екінші және үшінші сандар аптаның реттік нөміріне
сәйкес келеді. Мысалы, 84512345 сериялық нөмірі өнім 2018
жылдың қырық бесінші аптасында өндірілгенін білдіреді.
Өндіруші: Electrolux Appliances AB, St. Göransgatan 143, 105
45 Stockholm, Швеция
Импорттаушы және өндірушінің уәкілетті ұйымы:
OOO «Электролюкс Рус», Кожевнический проезд 1, 115114,
Мәскеу/Москва, тел.: 8-800-200-3589
Германияда жасалған
*
ҚАЗАҚ 45