User manual

Table Of Contents
7. КЕРЕК-ЖАРАҚТАРДЫ ҚОЛДАНУ
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
7.1 Керек-жарақтарды салу
Торкөз сөре:
Сөре сырғытпасының
бағыттағыштарының арасына салып
итеріп, тіректерінің төмен қарап
тұрғанына көз жеткізіңіз.
Шұңғыл таба:
Шұңғыл табаны сөре сырғытпасының
бағыттағыштарының арасына салып
итеріңіз.
Тор сөре мен шұңғыл табаны бірге
қолдану:
Шұңғыл сөрені тірегінің
бағыттағышының және жоғарыда
көрсетілген бағыттағыштар үстіндегі
тор сөренің арасына кіргізіңіз.
Барлық керек-
жарақтардың үстіңгі оң
және сол жақтарында,
қауіпсіздікті арттыру
үшін шығыңқы
элементтер салынған.
Шығыңқы тұстар
аударылып қалудан
сақтайтын қауіпсіздік
құралдары болып
табылады.
Сөренің биік жиектемесі
ыдыстардың сырғып
кетуіне жол бермейтін
сақтық құралы болып
табылады.
7.2 Сырғытпа жолдар -
керек-жарақтарды салу
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ
ЕСКЕРТУ!
Тұмшапештің есігін жабар
алдында, сырғытпа
жолдардың құрылғыға
әбден кіргізілгеніне көз
жеткізіңіз.
Торкөз сөре:
Төркөз сөренің тіректерін төмен
қаратып сырғытпа жолдарға қойыңыз.
Төркөз сөренің биіктетілген
жиегі, ыдыс сырғып кетуге
жол бермейтін қосымша
сақтық құралы болып
табылады.
ҚАЗАҚ 13