User manual

Сұйықтық ретінде тек суды
ғана қолданыңыз. Сүзілген
(минералдардан
тазартылған) немесе
тазартылған суды
қолданбаңыз. Басқа
сұйықтарды пайдаланбаңыз.
Тұтанғыш немесе алкоголі
бар сұйықтықтарды (граппа,
виски, конъяк т.с.с.) су
тартпасына құюға
болмайды.
3. Су тартпасын бастапқы орнына
қойыңыз.
4. Тағам пісірілетін ыдысты дұрыс
таңдаңыз.
5. Температураны 130 °C және 230
°C градус аралығына қойыңыз.
Бумен пісіру функциясы 230 °C
градустан жоғары температурада
жақсы нәтиже бермейді.
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Сыртқы клапаннан су шығып
кетпес үшін бу функциясын
қолданғаннан кейін кем
дегенде 60 минут күтіңіз.
Буға пісіру аяқталғаннан кейін су
сауытын босатыңыз.
5.9 Су сауытының
индикаторы
Бумен пісіру функциясы қосылып
тұрғанда, бейнебетте су сауытының
индикаторы көрсетіледі. Су
сауытының индикаторы сауыттағы
судың деңгейін көрсетеді.
- Су сауыты суға толып тұр.
Сауыт толған кезде дыбыстық
сигнал естіледі. Дыбыстық
сигналды тоқтату үшін кез келген
түймешікті басыңыз.
- Су сауыты суға жартылай
толып тұр.
- Су сауыты бос тұр. Сауытты
толтыру қажет болғанда дыбыстық
сигнал естіледі.
Егер сауытқа өте көп су
құйсаңыз, қауіпсіздік түтігі
артық суды тұмшапештің
табанына ағызады. Суды
жөкеге не шүберекке сіңіріп
тазалаңыз.
5.10 Су сауытын босату
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ
ЕСКЕРТУ!
Су сауытын босатпай тұрып,
құрылғының салқын
тұрғанына көз жеткізіңіз.
1. Пайдаланушы нұсқаулығы
салынған қалтадағы су төгетін
түтікті (C) дайындаңыз. Су төгетін
сауыттың ұшына жалғастырғышты
(B) жалғаңыз.
2. Түтікшенің екінші ұшын (С) сауытқа
салыңыз. Оны су төгетін
клапанның деңгейінен (A)
төмендеп салыңыз.
B
C
A
3. Тұмшапештің есігін ашып,
жалғастырғышты (В) су жіберетін
клапанға (А) салыңыз.
4. Су сауытын босатқан сайын
жалғастырғышты қайта-қайта
салыңыз.
Бейнебетте белгісі
көрсетілген кезде, сауытта
қалдық су болуы мүмкін. Су
жіберетін клапаннан су
ақпай тоқтағанша күтіңіз.
5. Су ақпай тоқтаған кезде
жалғастырғышты клапаннан
алыңыз.
ҚАЗАҚ 11