BE7314421 KK ТҰМШАПЕШ ҚОЛДАНУ ТУРАЛЫ НҰСҚАУЛАРЫ
ТАМАША НӘТИЖЕЛЕРГЕ ЖЕТУ AEG бұйымын таңдағаныңызға рахмет. Біз көптеген жылдар бойы, өмір сүруді барынша жеңілдетуді алға мақсат етіп қоя отырып, үздік технологияға негізделген, әдеттегі тұрмыстық техникада кездесе бермейтін функциялармен жабдықталған, мінсіз жұмыс жасайтын құрылғыларды өндіріп келеміз. Бірнеше минут уақытыңызды бөліп, құрылғының мүмкіндігін толық пайдалану үшін нұсқаулықпен танысып шығыңыз.
Мазмұны 3 МАЗМҰНЫ 4 5 8 10 11 13 15 18 19 22 25 29 30 30 Сақтық шаралары Қауіпсіздік нұсқаулары Бұйым сипаттамасы Бірінші қолданғанға дейін Басқару панелі Әркүндік қолдану Сағат фунциялары Автоматты бағдарламалар Керек-жарақтарды қолдану Қосымша функциялар Күту менен тазалау Не істерсіңіз, егер...
Сақтық шаралары САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында бірге жеткізілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Құрылғыны дұрыс орнатпау мен дұрыс пайдаланбау нәтижесінде адам жарақат алса және ақаулық орын алса өндіруші жауапты емес. Нұсқаулықты келешекте қарап жүру үшін үнемі сақтап қойыңыз. Балалар мен дәрменсіз адамдардың қауіпсіздігі Назарыңызда болсын! Тұншығып қалу, жарақат алуы немесе мүгедек болып қалу қаупі бар.
Қауіпсіздік нұсқаулары 5 • Шыны есікті тазалау үшін қатты жеміргіш заттарды немесе өткір темір құралдарды пайдаланбаңыз, себебі сызат түсіп, шыны шытынап кетуі мүмкін. • Осы құрылғыға ғана арналған ішкі температура сенсорын пайдаланыңыз. • Сөре сырғытпаларын алу үшін әуелі сөре сырғытпасының алдыңғы жағын, содан кейін артқы жағын бүйірлік қабырғадан тартыңыз. Сөре сырғытпаларын әрекеттерді керісінше орындап салыңыз.
Қауіпсіздік нұсқаулары • Құрылғының ашасына және сымына зақым келтірмеңіз. Зақым келген электр сымын ауыстырту үшін қызмет көрсету орталығына немесе электршіге хабарласыңыз. • Электр сымдарын құрылғының есігіне, әсіресе ыстық тұрған есікке тигізуге болмайды. • Тоққа қосулы тұрған және оқшаулағышы бар бөлшектердің электр қатерінен сақтандырғышын, саймансыз алынбайтын етіп бекітіп қою керек. • Құрылғының ашасын розеткаға тек құрылғыны орнатып болғаннан кейін ғана жалғаңыз.
Қауіпсіздік нұсқаулары 7 Назарыңызда болсын! Құрылғыны бүлдіріп алуыңыз мүмкін. • Құрылғының эмаль қаптамасы бүлініп немесе өңі кетпес үшін: – Ыдыстарды немесе басқа заттарды құрылғының табанына тура қоймаңыз. – Құрылғының табанына алюминий жұқалтырды тура қоймаңыз. – ыстық суды құрылғының ішіне тура қоймаңыз. – тамақ пісіріп болғаннан кейін дымқыл ыдыстарды және тағамды құрылғының ішінде ұстамаңыз. – керек-жарақтарды алып-салған кезде абай болыңыз.
Бұйым сипаттамасы Құрылғыны тастау Назарыңызда болсын! Жарақат алу немесе тұншығып қалу қаупі бар. • Құрылғыны электр желісінен ажыратыңыз. • Қуат сымын кесіп алыңыз да, қоқысқа тастаңыз. • Балалар мен жануарлар құрылғыға қамалып қалмас үшін есіктің бекітпесін алыңыз.
Бұйым сипаттамасы 10 Сөрелердің орналасуы Тұмшапештің керек-жарақтары • Торкөз сөре Ыдыс, торт қалыптарын қоюға, тағам қуыруға арналған. • Пісірме табақ Торттар мен печеньелерге арналған. • Гриль / қуыру науасы Пісіру мен қуыруға немесе май жинайтын таба ретінде қолдануға арналған. • Ішкі температура сенсоры Тағамның қаншалықты піскенін тексеруге арналған.
Бірінші қолданғанға дейін • Сөре сырғытпалары Сөрелер мен науаларға арналған. БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН Назарыңызда болсын! "Қауіпсіздік туралы ақпарат" тарауын қараңыз. Алғашқы тазалау • Құрылғы ішіндегі керек-жарақтардың барлығын алыңыз. • Құрылғыны алғаш рет пайдаланар алдында тазалаңыз. "Күтіп ұстау және тазалау" тарауын қараңыз. Электр желісіне алғаш қосу Электр желісіне алғаш қосқаннан кейін, бейнебеттегі белгішелер бірнеше секунд жанып тұрады.
Басқару панелі 11 БАСҚАРУ ПАНЕЛІ Электрондық бағдарламалағыш 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Құрылғыны іске қосу үшін сенсорлық өрістерді пайдаланыңыз. 1 Сенсорлық өріс Функция - БЕЙНЕБЕТ Сипаттама Құрылғының ағымдық параметрін көрсетеді. 2 ON/OFF Құрылғыны іске қосуға және сөндіруге арналған. 3 ФУНКЦИЯЛАР Тұмшапеш функциясын немесе бағдарламаны орнатуға арналған. Құрылғы сөніп тұрған кезде тұмшапеш функциясына тура қатынауға арналған.
Басқару панелі Сенсорлық өріс Функция Сипаттама 9 САҒАТ Сағат функциясын орнатуға арналған. 10 МИНУТ ОПЕРАТОРЫ Минут операторын орнатуға арналған.
Әркүндік қолдану Белгішел ер Атауы 13 Сипаттама Ішкі температура сенсоры Ішкі температура сенсоры ішкі температура сенсорының розеткасында орналасқан. Тұмшапештің жарығы Шам сөндірулі. Минут операторы Минут операторы функциясы жұмыс істейді. Қыздыру индикаторы Егер тұмшапеш функциясын орнатсаңыз, бейнебеттегі жолақтар бірінен кейін бірі жанады. Жолақтар құрылғының ішкі температурасының көбейгенін немесе азайғанын көрсетеді.
Әркүндік қолдану Тұмшапеш функциясы Қолданылуы 3 Баяу пісіру Тағамды өте жұмсақ, сөлді етіп қуыруға арналған. 4 Дәстүрлі жолмен пісіру Тұмшапештің бір сөресінде пісіру мен қуыруға арналған. 5 Мұздатылған тағамдар Фри, картоп тіліктері, толтырмасы бар құймақ т.с.с. тәрізді шала дайын тағамдарды дайындауға арналған. 6 Турбо гриль Үлкенірек ет кесектерін немесе сүйегі бар құс етін бір сөреге қойып, қуыруға арналған. Сонымен қатар тағамды қызартуға, мысалы гратин пісіруге арналған.
Сағат фунциялары 15 Жылдам қыздыру функциясы жұмыс істеп тұрғанда тұмшапештің ішіне тағам қоймаңыз. түймешігін үш секундтан артық басып Жылдам қыздыру функциясын іске қосу: ұстап тұрыңыз. Егер жылдам қыздыру функциясын іске қоссаңыз, бейнебеттегі жолақтар бірінен кейін бірі жыпылықтап, функцияның жұмыс істеп тұрғанын көрсетеді. Жылдам қыздыру функциясы тұмшапештің кей функциясында ғана жұмыс істейді. Орнатылған функцияда жылдам қыздыру функциясы жоқ болса, дыбыстық сигнал естіледі.
Сағат фунциялары БЕЛГІШЕ ФУНКЦИЯ СИПАТТАМАСЫ ОРНАТУ+АЛҒА Құрылғыны кейін кез келген уақытта, сенсорлық өрісті бір басып ғана тиісті параметрлерді орнатып іске қосуға арналған. Санақ таймері Құрылғының қанша уақыт жұмыс жасап тұрғанын Санақ таймері арқылы бақылап көріңіз. Бұл функция құрылғы қыза бастағанда дереу іске қосылады. Санақ таймерін бастапқы қалпына келтіру: түймешігін бейнебетте жыпылықтағанша қайта-қайта басыңыз.
Сағат фунциялары 5. 6. 17 Дыбыстық сигналды тоқтату үшін кез келген сенсор өрісін басыңыз немесе тұмшапештің есігін ашыңыз. Құрылғыны сөндіріңіз. Нәтижені тексеру (таңдаулы үлгілерде ғана) Егер АЯҚТАУ немесе ҰЗАҚТЫҚ функцияларын орнатсаңыз, пісіру аяқталғаннан 2 минут бұрын дыбыстық сигнал естіледі де, шам жанады. Құрылғы АЯҚТАУ немесе ҰЗАҚТЫҚ параметріне ауысады. Осы екі минут ішінде пісіру нәтижесін тексеруіңізге, егер қажет болса АЯҚТАУ немесе ҰЗАҚТЫҚ уақытын ұзартуыңызға болады.
Автоматты бағдарламалар 5. Дыбыстық сигналды тоқтату үшін кез келген сенсор өрісін басыңыз немесе тұмшапештің есігін ашыңыз. Уақытты кешіктіру функциясын орнату Тұмшапешті кейін автоматты түрде қосу немесе сөндіру қажет болса, ҰЗАҚТЫҚ және АЯҚТАУ функцияларын қатар қолдануға болады. Бұндай жағдайда, әуелі ҰЗАҚТЫҚ функциясын содан кейін АЯҚТАУ функциясын ("ҰЗАҚТЫҚ функциясын орнату" және "АЯҚТАУ функциясын орнату" тарауларын қараңыз) орнатыңыз.
Керек-жарақтарды қолдану 2. 3. 4. 5. 6. 19 Салмақ бағдарламасын орнату үшін немесе түймешігін басыңыз ("Рецепт кітабын" қараңыз). Бейнебетте төмендегілер көрсетіледі: пісіру уақыты, ұзақтық белгішесі , әдепкі салмақ, өлшем бірлігі (кг, г). басыңыз немесе параметрлер бес секундтан кейін автоматты түрде сақталады. Құрылғы жұмыс істей бастайды. Бейнебетте салмақ өлшем бірлігінің белгішесі немесе арқылы жыпылықтайды. Осы уақытта әдепкі салмақ мәнін түймешігін басыңыз. өзгертуіңізге болады.
Керек-жарақтарды қолдану Екі түрлі температураны орнату керек: • Тұмшапеш температурасы: рецепт кітабындағы қуыру кестесіне қараңыз. • Ішкі температура: рецепт кітабындағы ішкі температура сенсорының кестесіне қараңыз. Тек бірге жеткізілген ішкі температура сенсорын немесе фирмалық қосалқы бөлшектерді ғана қолданыңыз. 1. 2. 3. 4. 5. Құрылғыны іске қосыңыз. Ішкі температура сенсорының ұшын белгісі бар) еттің (сабында ортасына шаншыңыз.
Керек-жарақтарды қолдану 8. 21 Дыбыстық сигналды өшіру үшін сенсорлық өрісті басыңыз. Ішкі температура сенсорын розеткадан алып, етті құрылғыдан алыңыз. Назарыңызда болсын! Ішкі температура сенсорын алғанда абай болыңыз. Бұл ыстық. Күйіп қалу қаупі бар. 9. Құрылғыны сөндіріңіз. Ішкі температура сенсорын розеткаға қосқан кезде, сағат функцияларының параметрлері біржола тоқтайды. Ішкі температура сенсорын қолданып пісірген кезде, Температура/Уақыт бейнебетінде көрсетілген температураны өзгерте аласыз.
Қосымша функциялар Сөре сырғытпалары - Тұмшапештің керек-жарақтарын салу Пісірме табақты немесе шұңғыл табаны сөре сырғытпаларына қойыңыз. Төркөз сөренің тіректерін төмен қаратып сөре сырғытпаларына қойыңыз. Төркөз сөренің биіктетілген жиегі, ыдыс сырғып кетуге жол бермейтін қосымша сақтық құралы болып табылады. Төркөз сөре мен шұңғыл табаны бірге қою Торкөз сөрені шұңғыл табаның үстіне қойыңыз. Торкөз сөре мен шұңғыл табаны сөре сырғытпаларына қойыңыз.
Қосымша функциялар • Осы функцияны өшіру үшін бағдарламаңызды өшіреді. 23 түймешігін басыңыз. Құрылғы таңдаулы Бұл функция жұмыс істеп тұрғанда, уақыт пен температураны өзгерте аласыз. Бала қауіпсіздігінің құралы Бала қауіпсіздігінің құралы құрылғының кездейсоқ іске қосылуына жол бермейді. Бала қауіпсіздігінің құралы функциясын қосу және ажырату: 1. Құрылғыны арқылы сөндіріңіз. Тұмшапеш функциясын орнатпаңыз. және түймешігін қатар басып, 2 секунд ұстап тұрыңыз. Дыбыстық сигнал 2. естіледі.
Қосымша функциялар Параметрлер мәзірінің индикаторы Сипаттама Орнатылатын мән SET4 АҚАУЛЫҚ СИГНАЛЫ ON/OFF SET5 ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ МӘЗІРІ ON/OFF SET6 ПАРАМЕТРЛЕРДІ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ YES/NO SET71) УАҚЫТТЫ ҰЗАРТУ ON/OFF 1) Тек таңдаулы үлгілерде ғана Параметрлер мәзірін тек құрылғы сөніп тұрғанда ғана орната аласыз. Параметрлер мәзірін қосу: 1. Қажет болса, құрылғыны сөндіріңіз . түймешігін үш секунд басып ұстап тұрыңыз. 2. Бейнебетте "SET1" және "1" жыпылықтайды. / басыңыз. 3.
Күту менен тазалау 25 – Құрылғы іске қосулы тұрғанда. – Түнгі жарықтылық режимінде сенсорлық өрісті бассаңыз (ҚОСУ / ӨШІРУ түймешігінен басқа), келесі 10 секунд ішінде бейнебет күндізгі жарықтылық режиміне ауысады. – егер құрылғы ажыратулы, ал Минут операторы орнатулы болса. Минут операторы функциясы аяқталған кезде, бейнебет түнгі жарықтылық режиміне ауысады. Желдеткіш Құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде, құрылғының беттерін салқын ұстау үшін желдеткіш автоматты түрде қосылады.
Күту менен тазалау Тазалауға қатысты ескерім: • Құрылғының алдыңғы жағын жуғыш сұйық қосылған жылы суға батырылған жұмсақ шүберекпен тазалаңыз. • Құрылғының металл беттерін тазалау үшін әдетте қолданылатын жуғыш заттарды пайдаланыңыз. • Құрылғының ішкі жағын пайдаланып болған сайын тазалап отырыңыз. Осылайша ластықты оңай тазалайсыз, әрі күйіп кетуіне жол бермейсіз. • Оңай тазаланбайтын қалдықтарды арнайы пеш тазалағыштармен тазалаңыз.
Күту менен тазалау 27 Тұмшапештің шамын ауыстырар алдында: • Құрылғыны сөндіріңіз. • Сақтандырғыш қорабындағы сақтандырғыштарды алыңыз немесе айырыпқосқышты ажыратыңыз. Сақтандыру туралы ескерту! Құрылғының ішкі табанына шүберек төсеңіз. Бұл шамның шыны қақпағы мен құрылғының ішіне нұқсан келмес үшін қажет. Тұмшапештің шамын ауыстыру: 1. Шамның қақпағын құрылғының төбесінен таба аласыз. Шамның қақпағын алу үшін сағат бағытына қарсы бұраңыз. 2. Шыны қақпақты тазалаңыз. 3.
Күту менен тазалау Қыздырғыш элементті төмен қайыру 1. Сөре сырғытпаларын алыңыз. 2. Қыздырғыш элементтің алдыңғы жағынан екі қолмен ұстаңыз 3. Оны серіппенің күшіне қарсы алға тартыңыз да, екі жағындағы тіреуіштерімен қоса алыңыз. 4. Қыздырғыш элемент төмен қайырылады. Тұмшапештің төбесі тазалауға дайын. Қыздырғыш элементті орнату 1. Қыздырғыш элементті кері ретпен орнатыңыз. Қыздырғыш элементті құрылғының ішкі қабырғасындағы, тіреуіштің үстіңгі екі жағына дұрыс орнатыңыз. 2.
Не істерсіңіз, егер... 2. 3. 4. 5. Есік жақтаушасының (B) жоғарғы жағын қос қолмен екі жағынан ұстаңыз да, ысырманы босату үшін ішке қарай басыңыз. Есікті босату үшін оның жақтаушасын алға қарай тартыңыз. 29 B Есіктің шыны панельдерін бағыттағыштан шығару үшін, үстіңгі жағынан ұстап, бір-бірден жоғары тартып шығарыңыз Есіктің шыны панельдерін тазалаңыз. Есіктің панельдерін орнату үшін әрекеттерді кері ретпен орындаңыз. Алдымен кішірек панельді, содан кейін үлкен панельді орнатыңыз.
Техникалық сиппатама Ақаулық Ықтимал себебі Шешімі Бейнебетте F102 көрсетіледі. Есік бекітпесінде ақау бар. • Есікті дұрыс жабыңыз • Құрылғыны үйдегі сақтандырғыш немесе сақтандырғыш қорабындағы қауіпсіздік тетігі арқылы өшіріңіз де, қайта қосыңыз. • Бейнебетте F102 қайта көрініс берсе, қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. Бейнебеттегі тізімде бұрын көрсетілмеген ақаулық коды пайда болады. Электр жүйесіне қатысты ақау пайда болған.
бұйымды дұрыс түрде утилизация арқылы Сіз қоршаған орта менен адам денсаулығына түсіп пайда бола алатын зиянын болдыртпауын үшін үлес қоса аласыз; осы зиян бұл бұйымды дұрыс емес қолданғанда пайда болуы мүмкін. Осы бұйымның утилизациясы туралы көбірек білуіңіз үшін жергілікті әкімшілігіңізбен, қалдықтарды жинап әкететін мекемеңізбен немесе осы бұйымды Өзіңізге сатқан дүкенімен хабарласыңыз. Орам материалдары Орам материалдары қоршаған ортаға зиян келтірмейді және оларды қайта өңдеуге болады.
www.aeg.