User manual

Тұмшапеш функциясы Қолданылуы
3 Баяу пісіру Тағамды өте жұмсақ, сөлді етіп қуыруға арналған.
4 Дәстүрлі жолмен
пісіру
Тұмшапештің бір сөресінде пісіру мен қуыруға арналған.
5 Мұздатылған
тағамдар
Фри, картоп тіліктері, толтырмасы бар құймақ т.с.с. тәрізді
шала дайын тағамдарды дайындауға арналған.
6 Турбо гриль Үлкенірек ет кесектерін немесе сүйегі бар құс етін бір
сөреге қойып, қуыруға арналған. Сонымен қатар тағамды
қызартуға, мысалы гратин пісіруге арналған.
7 Жылдам гриль
жасау
Жайпақ тағамды көп мөлшерде қуыруға арналған. Нанды
қыздыруға арналған.
8 Гриль жасау Жайпақ тағамды грильдің ортасында қуыруға арналған.
Нанды қыздыруға арналған.
9 Жылы ұстау Тағамды жылы күйде ұстауға арналған.
10 Жібіту Мұздатылған тағамды жібітуге арналған.
11 Астыңғы қызу Торттың түбін қытырлақ етіп пісіруге және тағам
консервлеуге арналған.
12 ЭКО қуыру ЭКО функциясы тағам пісіру барысында қуатты барынша
тиімді жұмсауға көмектеседі. Егер қажет болса әуелі
пісіру уақытын орнатыңыз. Ұсынылатын параметрлер
туралы қосымша ақпаратты тиісті тұмшапеш функциясы
бар пісіру кестелерінен қараңыз.
Тұмшапеш температурасын өзгерту
Температураны 5 °C градустық қадаммен өзгерту үшін / түймешігін басыңыз.
Құрылғы орнатылған температураға жеткен кезде, дыбыстық сигнал үш рет естіледі
де, Қыздыру индикаторы сөнеді.
Тұмшапеш температурасын тексеру
Функция немесе бағдарлама жұмыс істеп тұрған кезде құрылғының ішіндегі
температураны тексере аласыз.
1.
түймешігін басыңыз.
Температура/Уақыт бейнебеті құрылғының ішіндегі температураны көрсетеді.
Тұмшапештің температурасын өзгерткіңіз келсе, түймешігін тағы бір рет басыңыз
да,
немесе қолданыңыз.
2. Орнатылған температураға қайта бару үшін
түймешігін басыңыз немесе ол
бес секундтан кейін автоматты түрде бейнебетте көрсетіледі.
Жылдам қыздыру функциясы
Жылдам қыздыру функциясы, қыздыру уақытын азайтады.
14 Әркүндік қолдану