User manual

Дыбыстық сигналды өшіру үшін сенсорлық өрісті басыңыз.
8. Ішкі температура сенсорын розеткадан алып, етті құрылғыдан алыңыз.
Назарыңызда болсын!
Ішкі температура сенсорын алғанда абай болыңыз. Бұл ыстық. Күйіп қалу қаупі бар.
9. Құрылғыны сөндіріңіз.
Ішкі температура сенсорын розеткаға қосқан кезде, сағат функцияларының
параметрлері біржола тоқтайды.
Ішкі температура сенсорын қолданып пісірген кезде, Температура/Уақыт бейнебетінде
көрсетілген температураны өзгерте аласыз. Ішкі температура сенсорын розеткаға
қосып, тұмшапеш функциясы мен температурасын орнатқаннан кейін, бейнебетте
ағымдық ішкі температура көрсетіледі.
Басқа үш температураны көру үшін
қайта-қайта басыңыз:
Ағымдық ішкі температура
Тұмшапештің орнатылған температурасы
Ағымдық тұмшапеш температурасы.
Орнатылған ағымдық температура, ағымдық ішкі температураға ауысады және
ағымдық тұмшапеш температурасы, тұмшапештің орнатылған температурасына
ауысады.
Тұмшапештің керек-жарақтарын орнату
Шұңғыл таба мен торкөз сөренің жиектері бар.
Осы жиектер мен бағыттағыш жолдардың
пішімдері, тұмшапештің керек-жарақтарын
аударылып кетуден сақтайды.
Торкөз сөре мен шұңғыл табаны қатар орнату
Торкөз сөрені шұңғыл табаның үстіне қойыңыз.
Шұңғыл табаны тұмшапеш деңгейлерінің
біріндегі бағыттағыш жолдарға келтіріп
салыңыз.
Керек-жарақтарды қолдану 21