User manual

Қыздырғыш элементті төмен қайыру
1. Сөре сырғытпаларын алыңыз.
2. Қыздырғыш элементтің алдыңғы
жағынан екі қолмен ұстаңыз
3. Оны серіппенің күшіне қарсы алға
тартыңыз да, екі жағындағы
тіреуіштерімен қоса алыңыз.
4. Қыздырғыш элемент төмен
қайырылады.
Тұмшапештің төбесі тазалауға дайын.
Қыздырғыш элементті орнату
1. Қыздырғыш элементті кері ретпен
орнатыңыз.
Қыздырғыш элементті құрылғының ішкі қабырғасындағы, тіреуіштің үстіңгі екі жағына
дұрыс орнатыңыз.
2. Сөре сырғытпаларын салыңыз.
Есік және шыны панельдер
Есікті тазалау үшін оны шешіп алыңыз.
Сақтандыру туралы ескерту!
Құрылғының есігін алған кезде абай болыңыз. Есіктің салмағы ауыр!
Есікті алу
1. Есікті барынша кең ашыңыз.
2. Есіктің қос топсасындағы
ысырмаларды (A) барынша басыңыз.
3. Есікті бастапқы қалпына дейін
жабыңыз (шамамен 70°).
4. Есікті екі жағынан қолмен қапсыра
ұстап тұрып, жоғары көтеріп тартып
шығарыңыз.
Есікті орнату үшін осы әрекеттерді кері
ретпен жасаңыз.
Шыны панельдердің жалпы саны әр үлгіде әр түрлі.
Сақтандыру туралы ескерту!
Есіктің бетіне сызат түспес үшін оның сыртқы бетін жұмсақ әрі тегіс жерге қаратып
қойыңыз.
Есіктің шыны панельдерін алу және тазалау
1. Есікті алыңыз.
A
A
28 Күту менен тазалау